Екі басқармаға жаңа басшы тағайындалды
Павлодар облысында екі басқармаға жаңа басшылар тағайындалды. Облыс әкімінің өкімімен Қадиша Беготаева Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының, ал Серік Халелов Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметіне кірісті.
Қадиша Қабылдақызы Беготаева 1969 жылы Новосібір облысында дүниеге келген. Қыржы, экономика саласында түрлі басшылық қызметтер атқарды. 2015-2021 жылдары Павлодар облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары болды. Ал 2021 жылдан осы тағайындауға дейін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 30 жылдан асады. Серік Абдоллаұлы Халелов 1974 жылы туған. Спорт саласында даттықтырушыдан бастап, түрлі қызметте еңбек еткен. 2026 жылдың мамыр айынан жаңа қызметіне тағайындалғанға дейін «Астана» олимпиадалық даярлау орталығында спорт әдіскері болды.
Сабина Жолдаспаева