Павлодар облысында тұңғыш рет Төтенше жағдайлар Департаментінің бөлімшелері арасында арқан тарту жарысы өтті. Турнир Қазақстан Респубикасының он төртінші қысқы спартакиадасы аясында ұйымдастырылды. Жарыста барлығы 19 команда бақ сынасты.

Табанды күрестің қорытындысы бойынша жүлделі орындар былайша бөлінді: 1 орынды – Тереңкөл ауданының ТЖБ жеңіп алды, Ал 2 орынды – Май ауданының ТЖБ және 3 орынды – Железин ауданының ТЖ бөлімі еншіледі.

ДАСТАН ЕСҚАРА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Облыстық спартакиада аясында Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті арқан тартудан облыстық жарыстар өткізеді. Бұл жарысқа Павлодар қаласы мен облыс аудандарынан 19 команда қатысады. Жалпы саны 190 адамды құрайды. Осы жарыс нәтижелері бойынша республикалық арқан тарту турниріне қатысу үшін үздік спортшылар таңдалады, ол Қарағанды қаласында өтеді.

Жеңімпаздарды Павлодар облысы ТЖД бастығы Рүстембек Әмірин марапаттады. Сондай-ақ, жарыс нәтижелері бойынша Департаменттің құрама командасы құрылатын болады, олар республикалық жарыстарда ведомствоның атынан қатысады.

РҮСТЕМ БАҒЫМЖАНОВ, ПАВЛОДАР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ №19 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ ӨРТ СӨНДІРУ АВТОКӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ

Қазағымыздың ұлттық спорттық арқан тартуды насихаттауға үлкен себеп жаңағы арқан тартудың спортының өзінің бағытыда командалық жұмыс істеуге септігі мол. Жарысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз. Алда осындай жарыстарымыз көп болсын!

Мұндай шаралар физикалық төзімділік пен күшті арттыруға ғана емес, жауынгерлік рухты қалыптастыруға, әріптестер арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға және төтенше жағдайлар қызметкерлері үшін маңызды болған командалық бірлікті күшейтуге де септігін тигізеді

Дильназ Куанышбекова