Павлодар облысының құтқарушылары мұз үстінде жүрген үш баланы құтқарды. Олардың бірі аяғын жарақаттап алған.

Оқиға Ертіс өзенінің жағасында орын алды. Құтқарушылар камерадан мұздың жиегімен жүрген балаларды көрген. Бірі мұз ойығына түсіп кетіп, аяғын ауыртып алды. Құтқарушылар тез жетіп, балаларды құтқару станциясына апарды. Зардап шеккен балаға алғашқы көмек көрсетілді. Бала жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды.

СЕРІК ШЕРИЯЗДАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ТЖД ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Құрметті ата-аналар, балаларыңызбен үгіт насихаттау жұмыстарын жүргізіңіздер. Себебі қазір мұздың үстіне шығуға болмайды. Мұздың құрылымы өте нәзік. 1 ақпан күні 2 оқиға тіркелді. Бейнекамера арқасында балалар аман қалып, құтқару станциясына жеткізілді. Олардың ата-аналары шақырылып, олармен үгіт насихаттау жүргізілді. Өздеріңізге және балаларыңызға қамқор болыңыздар.

Құтқарушылар жұқа мұзға шығу өте қауіпті екенін ескертеді.

Сабина Жолдаспаева