Павлодарда алғашқы мопед тіркелді. Ер адам өз техникасына ресми техникалық паспорт пен нөмірлік белгі алды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғыны мотоцикл маусымының басталуын күтпей, екі доңғалақты көліктің алғашқы иесі ретінде өзінің мопедін есепке қойды.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың сәуір айынан бастап ҚР «Жол жүру туралы» Заңында мотоцикл қауіпсіздігіне бағытталған маңызды өзгерістер күшіне енеді. Соған байланысты азаматтар екі дөңгелекті көліктерін есепке қоя бастады.
ДӘУРЕН АЯТОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПД МЕМЛЕКЕТТІК АВТОИНСПЕКТОРЫ
Павлодар тұрғыны екі доңғалақты көліктің иесі болды. ол өзінің мопедін есепке қойды. Ер адам мотоцикл маусымының келгенін күтпей, өз техникасын паспорт пен нөмірлік белгіні алды.
Енді мопедтерді пайдалануға полицияда тіркелгеннен кейін ғана рұқсат етіледі. Егер А1, А және В санатындағы жүргізуші куәлігі болса, тіркеу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы ХҚКО-ға хабарласып, келесі құжаттарды ұсыну қажет: белгіленген үлгідегі өтініш, жеке куәлік, тіркеу алымының төленгенін растайтын құжаттар, бар болса, көлік құралына арналған техникалық құжат, көлік құралын тексеру актісі болу керек.
Самал Қалиқызы