Елімізде борышкер лудомандарды жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы анықтау тетігі енгізілуі мүмкін. Бәс тігушілердің арасындағы салық, алимент, несие берешегі бар адамдарды құмар ойыннан шектеу үшін осындай тыйым тәсілі пысықталып жатыр.
Бұл туралы Туризм және спорт министрінің орынбасары Мирас Төлебаев ведомствоның алқа мәжілісінде мәлімдеді. Бұл шектеу шарасы қандай да бір материалдық қарызы бар азаматтардың жағдайын одан әрі қиындатпау үшін қабылданбақ.
МИРАС ТӨЛЕБАЕВ ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тіркелген 3 миллионға жуық адам құмар ойындардан шеттетілді. Бүгінде аталған тізілімге енгізілген 15 мыңға жуық азаматтардың аккаунттары бұғатталды. Қазіргі уақытта, Әділет және Цифрландыру министрліктерінің қолдауымен бәс тігушілердің ЖСН-дерін автоматты түрде борышкерлер тізілімімен сәйкестендіру мәселесі пысықталуда