Павлодар қаласындағы 5512 әскери бөлімінің 200 сарбазы ант қабылдады. Салтанатты шараға жауынгерлердің ата-аналары туыстары қатысты. Толығырақ тілшіміз айтсын.
Желтоқсан айының соңында 5512 әскери бөлімі жас сарбаздармен толықты. Абай, Алматы, Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарынан шақыртылған жастар бір айлық оқудан өтіп, енді міне Отан алдындағы антын қабылдады.
Салтанаты шараға жауынгерлердің ата-аналары, туған-туыстары қатысты. Бәрін де бір тілек - балалары аман есен үйге оралсын деп отыр.
СӘУЛЕШ НҰРПЕЙІСОВА, АТА-АНА
Абай облысы Аягөз ауданынан келдік осы Павлодар қаласына келіп тұрмыз. Балам Берікұлы Ұлан 5512 әскери бөлімінде өзінің отан алдындағы борышын өтеуге келді. Балам өз еркімен келді, Ұлттық Ұланды таңдады. Енді менің арманым балам отан алдындағы борышын абыроймен өтеп, ортамызға аман есен оралуын тілеймін.
Еліміздің әр өңірінен келген жауынгерлер енді бір жыл көлемінде Павлодар қаласындағы қала тұрғындарының қауіпсіздігін күзететін жауынгерлік қызметті атқаратын болады.
АРМАН ПЕРНЕҚҰЛОВ, 5512 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ КОМАНДИРІ
Ұлттық ұланның 5512 әскери бөлімінде жауынгерлік ту алдында 200 сарбаз ант қабылдады. Республиканы қорғау әр азаматтың парызы. Бұл әскери бөлімге мереке. Бәрін шын жүректен құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
Сарбаздар өз кезегінде Отан қорғаушы деген қастерлі ұғымға берік болып, өздеріне сеніп тапсырылған жауынгерлік міндеттерін абыроймен атқаруға сенімді екендерін жеткізді. Отан қорғаушылар жауынгерлік қызметтің қыр-сырын үйреніп, әскери жарғыларды жаттаған.
Самал Қалиқызы