Облыс әкімдігінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары талқыланды. Бүгінгі таңда облыстың тұрақтандыру қорында 11 мың тоннадан астам өнім бар.

Алдымен басқарма басшысы азық-түлік бағалары жағдайы мен оның айырмашылығын реттеуде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Бүгінгі таңда өңірдегі азық-түлік тауарларының 15 түрі бойынша бағалар орташа республикалық мәннен төмен деңгейде сақталып отыр. Ал тауарлардың 9 түрі бойынша облыс ең төмен бағамен үздік бес өңірдің қатарына кіреді.

ЛЮДМИЛА КУРМАНОВА, КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Еліміз бойынша өңірімізде жоғары бағаның қатарына тұз бен макарон өнімдері кіреді. Бағаның өсуін тежеу үшін тұрақтандыру қорын қалыптастыру және толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтар болсақ, «Айналым схемасында» несиелер беру, өнімдерді «Жайлау» фермерлік базары арқылы сату және апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу шаралары жалғасын табуда. Сонымен қатар, делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссия жыл басынан бері тиімсіз делдалдарды анықтау мақсатында 11 бұзушылықты анықтады.

Бұл анықталған 11 бұзушылықтың 5 жағдайы Екібастұзда, 7-еуі Ақсу қаласында тіркелді. Жалпы тұрақтандыру қорында 2,3 млрд теңгеге тауардың 12 түрі бар.

ЛЮДМИЛА КУРМАНОВА, КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

1 ақпандағы жағдай бойынша 684 тонна картоп, 277 тонна сәбіз, 116 тонна пияз және 102 тонна қырыққабат сатылды. Өнімдерді сату тұрақтандыру қорының 209 серіктес дүкендері арқылы жүзеге асырылады

Жиын барысында өңір басшысының орынбасары салалық басқармаға бірқатар міндеттемелер жүктеді.

ӘЙГЕРІМ ҚАБЫЛТАЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Кәсіпкерлік және индустриялық инновациялық даму басқармасы қала әкімдіктерімен бірлесе отырып, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына күнделікті мониторингті жалғастырсын.

Айта кетейік, қазір облыстың тұрақтандыру қорында 11 мың тоннадан астам өнім бар.

Қымбат Садық