«Павлодарэнерго» Акционерлік қоғамына 3 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл тұтынушының сұранысы бойынша «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» Акционерлік қоғамға сатып алуды жүзеге асыру тәртібін сақтау бөлігінде жоспардан тыс тексеру нәтижесінде тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ-ның "Travertin Stone Center" ЖШС-нің өтініші бойынша, 2024 жылы "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ қажеттіліктеріне өткізілген сатып алулардың заңдылығы мәселесі бойынша қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тескеріс нәтижесі бойынша департамент «Павлодар энерго» АҚ-на жалпы сомасы 6 млн теңгеге айыппұл салды.
ДИАС МОНТАЕВ, ҚР ҰЭМ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ КОМИТЕТІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Тексеру нәтижесінде "Табиғи монополиялар туралы" ҚР Заңының 26-бабы 2-тармағының 18) тармақшасының, Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларының 44, 187-тармақтарының талаптарын, атап айтқанда табиғи монополия субъектісінің сатып алуды жүргізу рәсімін бұзғаны анықталды. "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ-ға қатысты "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабының 4-бөлігіне сәйкес 3 145 600 теңге сомасына қысқартылған тәртіппен әкімшілік айыппұл салумен әкімшілік іс қозғалды.
Сонымен қатар, Департамент өткізілген сатып алу нәтижесінің күшін жою және қайта сатып алуды өткізу туралы ұйғарым енгізді. Ал, «Павлодарэнерго» қысқартылған тәртіппен айыппұлды өтеді.
Самал Қалиқызы