Павлодар қаласының тұрғыны өз көлігін ұрлап, полицияға жалған шағым түсірген. Көлігін біреу ұрлағанын мәлімдегенімен, тергеу барысында оның өтірігі әшкереленді.

Ер адам 20 миллион теңге тұратын Toyota Camry 75 автокөлігінің ұрланғанын айтып, полицияға арызданған. Бірақ тексеру кезінде көліктің несиеге алынғаны анықталды. Тергеушілердің мәліметінше, көлік 2024 жылдың сәуір айында Ташкентке шығарылып, иесі басқа көлікпен елге оралған. Айта кетейік, күдікті істің тезірек қаралуын талап етіп, полицияға күн сайын қоңырау шалып отырған.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол қамауға алынды.

Сабина Жолдаспаева