«Толағай» бокс клубында Ауған соғысы ардагерлерін еске алуға арналған дәстүрлі қалалық бокс турнирі өтті. Бұл спорттық шара жас ұрпаққа батырлық пен ерліктің үлгісін көрсету мақсатында ұйымдастырылған.

Турнирге Павлодар қаласының балалар-жасөспірімдер спорт орталығының клубтарынан 60-тан астам жас спортшы қатысты. Биылғы турнир ерекше мәнге ие болды. Өйткені «Толағай» бокс клубының құрылғанына 12 жыл толып отыр. Бұл клуб өз тарихында талай талантты боксшыларды тәрбиелеп шығарды.

ҒАЛЫМЖАН ШАРАПАТОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ АУҒАНСТАН АРДАГЕРЛЕРІ ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Жас кезінен бастап міне еліміз, жеріміз деп әрқашан да лекция өткіземіз балалардың арасында. Спортшылардың арасында мысалы әскердің өзінде де осындай байтақтай жеріміз бар, соны әрқашан да қорғау керек. Сол үшін балаларымыз, жас жігіттер мықты болу керек деп ойлаймын. Әскердің ауған соғысынан шығарылғанына 30 жыл болды алдында 25 жыл болды. Соның бәрін жыл сайын еске алып жарыс өткіземіз балалардың арасында. Одан кейін жалғастыра береді мысалы спорт комитет болсын жалғастыра береді. Ол деген ойымыз сол ғой енді қалай болса да әрқашан да өткен оқиғамызды ұмытуға болмайды.

Ауған соғысы ардагерлерін еске алуға арналған бұл турнир жас спортшылардың бойында патриоттық рухты нығайтып, спорттық жетістіктерге жетуге жол ашады. Жарыста 10-16 жас аралығындағы кіші және ересек жасөспірімдер өз бақтарын сынады.

МӘДИ БАЛҒОЖИНОВ, ҚАТЫСУШЫ

Мен өзім 2 жыл қатысамын боксқа, маған бәрі ұнайды. Мында мен достарымды таптым. Мен осы алғашқы чемпионатым. Мен ойлаймын 2 орын аламын. Менің ағам қатысқан боксқа ол кмс болған Екібастұзда.

МАНСҰР , ҚАТЫСУШЫ

Мен боксқа 1 жыл қатысамын. Мен чемпионат области финалистпін. ЧРКдан проиграл. Менің любимй кумирім Мұхаммедәли. Ол менің кумирімөйткені ол көп жеңді. Бүкілін жеңді. Мен бокспен айналысқым келеді. Өйткені менің ата-анам, туыстарым бокспен айналысады. Маған бокс ұнайды. Мен осы спортты өзім таңдадым.

Жарыстың нәтижесі бойынша үздік боксшылар дипломдармен марапатталатын болады.

Сабина Жолдаспаева