Вайнах халқының Отанымыздың ұлы даласына жер аударылғанына 81 жыл өтті. Осыған және Алғыс айту күні қарсаңында Достық үйінде «Ұлы дала халқына мың алғыс» атты дөңгелек үстел өтті. Толығырақ алдағы сюжетте.

81 жыл бұрын шешен-ингуш халқының жүз мыңдаған отбасы Орта Азияға қоныстанды. Кей деректерде Солтүстік Кавказдан келгендердің саны 500 мыңдай болған деседі.

БАҚЫТЖАМАЛ МАКСИЛОВА, «НҰР-АНА ӘЛЕМІ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ

Біз бірлігі жарасқан елде бір шаңырақ астында тұрып келеміз. Иә, әртүрлі халықпых, бірақ бірдейміз. Сондықтан біз әрқашан қол ұстасып, ешқандай ұрыспай, достықта өмір сүру керекпіз. Мына сіздерде еліміздің бір бөлшегісіздер, жүрегіміз бір. Барлығымыз үлкен бір мемлекетпіз, Отанымызда осы Қазақстан

Дөңгелек үстел «Ұлы дала халқына мың алғыс» атты атаумен өткізілді. Жерімізден пана тапқан өзге ұлттар қазақтан көрген жақсылығын айтудан жалықпай келеді.

Қымбат Садық