Бүгін қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Онда 2025 жылға арналған шаһар қазынасының қаражаты бекітілді. Биыл қандай салаға ақша көбірек жұмсалады? Коммуналды қызметтің тарифі өзгере ме? Сессия жұмысына қатысып қайтқан тілшіміз толықтырқсын.
Биыл қала қаржысы 255 млрд 68 млн теңгені құрап отыр. Бүгін халық қалаулары 9 млрд теңге қаржысына өзгерістер енгізіп, бекітті. Әлеуметтік саланы дамыту үшін 672 млн теңге жұмсалмақ. Бұған қоса, тұрғын үй коммуналды шаруалығы мен қала құрылысына қаражат қарастырылған екен.
ҚАНАТ ҚАПУОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
В целях обеспечения и развитие городской инфраструктуры возникла дополнительная потребность в сфере жилищно коммунального хозяйтсва в сумме 6 млрд 736 млн которые планируется отправить на следующие мероприятия. Это продолжение на реконструкции улицы Лермонтова, 4 млрд 299 млн теңге. На средни ремонт улицы Олжабая батыра 553 млн.
Бұдан кейін депутаттар қоқыс жинау және шығару тарифін бекітті. Соңғы рет бұл коммуналды қызмет түрінің ақысы 2023 жылы көтерілген екен. Абатандырылған үйдің тұрғыны айына 490 теңге төлеп келген. Ал абаттандырылмаған сектордың бір тұрғыны 554 теңге жұмсаған. 14 наурыздан бастап қызмет түрі 9 пайызға қымбаттайды. Айта кетейік, әлеуметтік жағынан осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер сақталады.
ҚОБЫЛАНБЕК ҚОЖИН, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ
Қатты қоқыс қалдықтарын тарифін бүгінгі күнде көтеру керек деп қабылдап отырмыз. Бұл сессияға шығарып отырмыз. Осыған дейін бұл сұрақ үш рет кіріп бізден қолдау таппаған болатын. Желтоқсан айында кіргізген кезде барлық расчеттарды бергеннен кейін біз сарапшыларды тартып, олармен ақылдасып, кеңескеннен кейін бұл сұрақты қолдап отырмыз. Олар 16 пайызға өсіруін сұрап еді. Жоқ Инфляция деңгейінде 9 пайыз қолдап тауып отыр.
Бұдан кейін, сессияда әлеуметтік төлемдер мәселесі бекітілді. Биыл жеңістің 80 жылдығына, яғни 9 мамырда ардагерлерге 5 млн теңге бір реттік төлем беріледі. Облыс орталығында 4 ардагер тұрады. Тыл еңбеккерлеріне 100 мың, канцлагерь тұтқындарына 200 мың, ал Ленинград қоршауының қатысушыларына 150 мың әлеуметтік жәрдем төленеді екен.
Әйгерім Тоқпанқызы