Биылғы жауын-шашын мөлшері де, тоң қалыңдығы да жылдағыдан әдеуір жоғары. Наурыз айы да жауын-шашынды болады деп болжануда. Төтеншеліктер Павлодар облысының 58 елдімекеніне су тасқыны қауіп төнуі мүмкін екендігін айтады.
Облыстық «Қазгидромет» филиалының болжамына сәйкес, облыс аумағында топырақтың ылғалдылығы мен тоң қабаты нормадан асқан. Жыл басынан бері түскен жауын-шашын мөлшері өткен жылдың көрсеткішінен 69 пайызға көп. Ең көп жауын-шашын Ертіс, Май, Железин, Шарбақты, Ақтоғай, Успен аудандарында және Павлодар қаласының ауылдық аймақтарында тіркелді
Қайрат Шаймарденов, Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары
Қазгидрометпен бірлесіп ең қауіпті аумақтарды үш топқа бөлдік. Жоғары қауіпті аумақтарға Баянауыл, Ертіс, Ақтоғай, Железин, Тереңкөл аудандары жатады. Май, Аққулы, Шарбақты аудандары және Ақсу қаласы және оның ауылдық аймағы орташа қауіпті аумақтарға кірді. Успен және Павлодар аудандары төменгі қауіп аумағында. Жалпы облыс бойынша қандайда да бір су тасқыын қауіп болуы мүмкін 58 елімекен бар.
Қауіпі бар санатқа енген 58 елдімекенде 1 мыңнан астам халық тұрады. Төтеншеліктре тасқынға қарсы дайындықты күшейткендіктерін айтты.
Қайрат Шаймарденов, Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары
Нақты жоспарымыз бар. Дайындық жұмыстары жүріп жатыр. 1800 ден астам адам, 700 ден астам техника дайындалуда. 21 жүзу құралы және 357 мотопомпа дайын. Облыс бойынша 47 мыңнан астам қап, 53 мың тонна инертті материал, 155 тонна жанар-жағармай қоры дайындалды.
Сондай-ақ, су тасқыны жағдайы ушыққан жағдайда халықты қабылдауға арналған сыйымдылығы 22 745 адам болатын 60 эвакуациялық пункт дайындалды.