Павлодардағы «Динамо» спорт кешенінде болашақ құтқарушылар сайысқа түсті. Оған 11 мектептен оқушылар командасы қатысты. Екінші жыл қатарынан өтіп жатқан сайыстың қызықтарын тілшіміз тарқатсын.

Мемлекеттік гимнді орындаған соң алдымен өрт сөндіру - құтқару спортының майталман шеберлері өнер көрсетті. Одан соң түрлі республикалық сайыста биіктен көрініп жүрген оқушылар шеберліктерін ортаға салды. Солардың бірі Қазақстан чемпионатының жүлдегері Данил Черевко.

Данил Черевко, өрт сөндіру-құтқару спортынан Қазақстан чемпионатының жүлдегері

2022 жылы қыста 10 метрге жүгіурден екінші орын алдым. 2023 жылы тағы да екінші орын алдым. 2024 жылы да екінші орыннан көріндім. 2025 жылы жазда баспалдақпен жылдам көтерілу сайысында ел бойынша үшінші орын иелендім. Лестница.

Ал, қаланың 11 мектебінен келген 70 оқушы бұл спортқа енді қадам басқан. Десе де араларында өрт сөндірушілерге арналған спорттың қыр-сырын үйреніп қалғандар да бар.

Ұлдармен бірген қыздар командасы да сайысқа қатысып, біліктерін сынады.

София Агинова, №11 ЖОББ мектебі командасының мүшесі

Мектебіміздің намысын қорғау үшін бір ай дайындалдық. Бұған дейін ештеңе білмегенбіз. Бірақ, көп нәрсені үйреніп алдық.

Бұл сайыс осымен екінші рет ұйымдастырылуда. Осылайша өрт-сөндіру құтқару спортын жасөспірімдер аарсында танымал ету көзделген. Бұл спортты ғана емес, қоғамдағы құтқарушы мамандығын да насихаттау шараның неізгі мақсаттарының бірі.