Алда сегізінші наурыз халықаралық әйелдер күні. Шуақты көктемнің шырайлы мейрамы. Осы атаулы күнге орай Ертіс телеарнасында еңбек ететін арулар жайлы айтуды жөн көрдік. Олардың еңбегінің арқасында облыстағы басты ақпарат арнасы жоғары деңгейде жұмыс істеуде.

Телеарна мұрағаты тұтастай тарих. Осы тарихты Ертіс телеарнасының қызметкері Жанна Балғожинова көздің қарашығындай сақтауда. Күн сайын кадрге ілінген әр сәтті сөрелерге құнттап, болашаққа табыстайды.

Жанна Балғожинова, «Ertis» телеарнасының мұрағат меңгерушісі

Мен телеарнаға 2014-жылы Қараша айында келдім. Содан бері міне 12 жылға жуық уақыт өтті. Ұжымға әбден бауыр бастым. Үлкен, тату ұжым. Теларнадан мен көп дос, құрбы таптым. Мол тәжірибе жинадым.

Айтуынша, шығармашылық ададмармен бір ұжымда жұмыс істеудің артықшығылығы мол. Көп нәрсе үйренуге болады дейді. Ал, мұрағатшы болу – аса ұқыптылықты қажет етеді.

Жанна Балғожинова, «Ertis» телеарнасының мұрағат меңгерушісі

Мұрағат телеарна құрылғалы бері бар. Сол уақыттан бергі хабарлар мен шығарылымдар күнделікті сақталуда. Қазір цифрлық форматта сақталады. Журналға тіркеледі. Ескі мұрғағатты да осы форматқа көшірдік. Сөйтіп, барлығы қоймада сақталады.

Ал, телеарна режиссер әрі монтаждаушы Мадина Нұрғали арнадағы жас мамандардың бірі. Жаңалықтар бөлімінде әр сюжеттің сапалы шығуы үшін күн сайын тынбай еңбек етуде. Тілшімен тіл табыса отырып, дыбысталған мәтіннің мазмұнын дәл ашу оңай емес. Шығармашылық ойлау қажеті. Әр секунд құнды саналатын сындарлы жұмыс. Мадина жаңалықтар сюжетін монтаждап қана қоймай, эфирге сапалы шығуына да жауапты. Режиссер пультінде тұрып күнделікті жаңалықтарды тікелей эфирде елге таратады.

Мадина болашақта үлкен телеарналарда, орталықтағы ақпарат арналарында кәсіи еңбегін шыңдауды мақсат етеді.