Павлодарлық жастар мемлекеттік қызметке барғысы келе ме? Бүгін қаламыздағы мектептердің бірінде түлектер жас мемлекеттік қызметшілермен кездесті. Толығырақ тілші сюжетінде.
Әлішер Рашит – Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі, Президенттетік жастар кадрлық резервінің өңірлік өкілі. Жас маман. Ол өзінің кәсіби жолы, мемлекеттік қызметтегі қыр сырымен бөлісіп, өңірлік кадр резерві ұсынатын мүмкіндіктер туралы түлектерге айту үшін кездесті.
Әлішер Рашит, Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі
Өңірлік кадрлық резерв бұл жас мамандарға үлкен мүмкіндік. Менің жолым қоғамға пайда әкелумен басталды. жақсы білім алыңыздар деп айттық. Жастарға ашық.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Павлодар облысы бойынша департаменті Павлодар облысы әкімдігімен бірлесіп мемлекеттік қызметтің құндылықтарын ілгерілету және мектеп оқушылары, колледж студенттері арасында кәсіби бағдар беруді дамыту жөнінде 2026 жылға жоспар құрды. Соған сәйкес мамандық таңдағалы тұрған жас түлектерге сал алуан бағыт ұсынылады.
Дильназ Аманова, №48 ЖОББ мектебінің оқушысы
Мектепте мұғалім болып жұмыс жасағым келеді. Және болашақта директорда болғым келеді. Бүгінгі шара біз үшін өте маңызды. Көп мағлұматтар білдік. Осындай кездесулер 11 сынып оқушылары үшін өте маңызды болып табылады.
Қазіргі таңда кадрлық резерв өкілдері мемлекеттік қызметтің түрлі салаларында табысты еңбек етіп, өңірдің дамуына өз үлестерін қосуда. жалпы өңірлік кадр резерві – жас мамандар үшін мемлекеттік қызметтегі мансапты бастауға берілетін нақты мүмкіндік. Яғни өзіңді, білімің мен біліктілігіңді көрсетуге жол ашады.
Самал Қалиқызы