Денсаулық – дұрыс тамақтанудан басталады. Алайда қарбалас тіршілікте көпшілік ас ішу тәртібіне мән бере бермейді. Мамандардың айтуынша, ретсіз тамақтану ағзадағы гормондардың жұмысына кері әсер етіп, түрлі ауруларға себеп болуы мүмкін.Дұрыс тамақтанбау қандай ауруларға әкелуі мүмкін? Экранға зер салайық.
Соңғы жылдары түрлі аурулардың көбеюі алаңдатарлық. Мамандар мұның басты себептерінің бірі – дұрыс тамақтанбау мен қозғалыстың аздығы екенін айтады. Майлы әрі тәтті тағамдарды шамадан тыс тұтыну семіздікке әкеледі. Артық салмақ өз кезегінде ағзадағы гормоналды тепе-теңдікті бұзады.
Айнұр Мәлікова,№3 Павлодар қалалық емхананың эндокринолог дәрігері
дұрыс тамақтанбау адам организмінде әр дайым күнделікті қантты пайдала бергенде Инсуллин көп бөлінгеннен кейін инсуллинге тәуелділік пайда болады. Және де артық салмақтың пайда болуы, бедеулік, артық салмақ, картизолдың бұзылуына әкеп соғады.
Мамандардың айтуынша, гастрит, рефлюкс, ұйқы безінің қабынуы сынды аурулар да жасарып барады. Тұрғындардың басым бөлігі уақытылы әрі теңгерімді тамақтанбайды. Арнайы жүргізілген сауалнама нәтижесі де осыны көрсетті.
Гормондар мен ас қорыту жүйесі өзара тығыз байланысты. Мысалы, инсулин көмірсулар алмасуын реттейді. Қантты шамадан тыс тұтыну ұйқы безіне салмақ түсіріп, уақыт өте келе 2-типті қант диабетіне әкелуі мүмкін. Ал стресс кезінде бөлінетін кортизол гормоны көбейсе, тәбет артып, май жиналу процесі жылдамдайды.
Айнұр Мәлікова, №3 Павлодар қалалық емхананың эндокринолог дәрігері
Статистика бойынша жалпы артық салмақ екінші типті қант диабетіне әкеліп соғады. Емханада қазір 2 мыңға жуық адам есепте тұр.оның 80 адамы бірінші типті инсулин етіспегендіктен болса қалғаны жүре пайда болған қант диабеті. Бұл әрине артық салмақтын салауатты өмір слатын ұстамағандықтан болады.
Мамандар ұзақ уақыт аш жүру де зиян екенін айтады. Бұл метаболизмді баяулатып, асқазан қышқылының артуына себеп болады. Ал кешкі уақытта ауыр, майлы әрі тәтті тағам тұтыну ұйқы сапасын бұзып, бауыр мен ұйқы безіне қосымша салмақ түсіреді. Сондықтан дәрігерлер кешкі асты жеңіл әрі ерте ішуді, күнделікті ас мәзірін теңгерімді ұстауды ұсынады
Дильназ Қуанышбекқызы