Ел аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы басталды. Шара наурыздың 18 –зі мен 20 күндері аралығында өтеді.
Наурыз мейрамы қарсаңында полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді. Жедел алдын-алу іс-шарасы кезінде сақшылар жол-көлік ережелерін өрескел бұзатын жүргізушілерді, көп пәтерлі тұрғын үйлердің аулалары мен жеке сектор аумағында кезекшілік жүргізеді. Тәртіпке бағынған құл болмайды. "Заң және тәртіп" қағидатына сәйкес, шараның мақсаты тұрғындардың тыныштығын сақтап, құқық бұзушылыққа жол бермеу.
Әйгерім Тоқпанқызы