Ақсу қаласының сауда орталықтарының бірінде кітап аманат жобасы аясында 24 ші кітап аманат алаңы ашылды. Орталықтың салтанатты ашылуына «Аманат» партиясы өкілдері қатысып, тұсауын кесті. Толығырақ тілші материалында.
Аманат партиясы 2023 жылдан бастап кітап аманат жобасын іске қосты. Бұл жоба аясында барлық өңірлерде кітап орталықтары ашылды. Қазір 23 орталық жұмыс істеп тұр, олардың 11 облыс орталықтарында орналасса, қалғандары қала, аудан орталықтарында шоғырланған. Ақсу қаласындағы сауда орталықта тағы бір кітап аманат орталығы салтаннатты түрде ашылды. Бұл облысымыздағы 24 ші орталық.
ШОЛПАН КАРИНОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ
Кітап аманат орталығының негізгі мақсаты бұның идеологиялық мазмұны кітап оқуға кітап сүюге оқу сауаттылығын арттыруға әсер ету. Сонымен қатар, қазақстандық баспагерлерді, ақын жазушыларды қолдай отырып осы кітап үрдісіне үлкен әсер ету. Кітап аманат жобасы біздің партиямыздың халық алдында берген уәдесі халықапен бірге жол картасы аясында да іске асырылып жатыр.
Сондай-ақ, кітапхана алаңына Сауда орталығына әртүрлі мақсатпен келген адамдар, ата-аналар, балалар, жастар отандық баспалардың өнімдерімен, шетел әдебиетінің туындыларымен таныса алады. Және «Аманат» партиясы халықтың сұранысындағы қажетті кітаптарды ұсынатын болады.
АЛЕКСАНДР ТОЛМАЧЁВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ МАСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Павлодар қаласында жоба іске асырылған уақытта мен ашылу рәсімінде болдым. Бұл идея мені өте шабыттандырды, сондықтан мен Ақсу қаласында да дәл осындай «кітап аманат» алаңы керек деп шештім. Бүгін осы жоба іске асты. менің ойымша, бұл қала тұрғындарына тамаша логистика, әсіресе жастарға. менің ойымша бұл оларға жайлы орын болады.
Айта кетейік, бұл кітап алаңы 15 адамға дейін сыйымды. Әртүрлі жастағы оқырмандар өздеріне ұнаған кітапты ала алады. Одан бөлек бұл жерде депутаттармен кездесу ұйымдастырылады Сондай-ақ, жоғарыдағы жетекшілер қала тұрғындарының өтініштерін қабылдап, тыңдай алатын болады.
Дильназ Куанышбекова