Қаржылық сауаттылық – заман талабы. Қазір қоғамда алаяқтардың қармағына түсіп, алданып жүрген азаматтар қаншама. Бұның бәрі ақпараттың аздығынан дейді мамандар. Экономикалық және қаржылық қауіпсіздік жастар арасында үнемі насихатталу керек. Осы мақсатта қаржы мониторингі агенттігінің қолдауымен студенттер арасында облыстық олимпиада өтті. Оған жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

 Қазір алаяқтардың арбау тәсілі күн сайын өзгеріп келеді. Арам ойын асыратындар сенгіш азаматтардың жылдар бойы жинап терген қаражатын есеп шоттарына аударып, сан соқтырып жүр. Оның ішінде қаржы пирамидалары мен желілердегі күмәнді маркетингтің құрбандары көп. Яғни қоғамдағы қаржылық сауаттылық деңгейін жетілдіру мәселесі әлі де маңызды.

Айжан Хасенова, Павлодар облысы экономикалық тергеп тексеру департаментінің аға жедел уәкілі

Олимпиаданың мақсаты жастардың қаржылық құқықтық сауаттылығын арттыру, қаржылық қауіпсіздіктің. Заманауи трентерін көрсету қаржы саласындағы қауіп қатерлер қауіптерді қарсы тұруды үйрету.

Қаржылық сауаттылық додасына университет студенттері мен магистранттар қатысты. Бұл білім беру саласында пән ретінде енгізілсе, ал отбасында ата-анасы балаға ерте жастан ақшаны дұрыс ұстаудың жолдарын, түсіндіре отырып үйретсе, онда қарызсыз қоғам қалыптасып, алданатын азаматтар саны азаяр еді.

Самал Айтқазина, Павлодар облысы білім беру басқармасы басшысы

Ең бастысы бүгінгі таңда мектеп қабырғасынан бастап мына университеті аяқтағанға дейін барлық білім жолында үлкен қаржылық сауаттылыққа үлкен мән беріліп келеді. Осы шаралардың үлкен айғағы ретінде бүгінгі кездесуімізді атап өтуге болады.

Ералы Нұрхан - инженер. Қазір магистратурада білім алып жүр. Бүгін өтіп отырған олимпиада жастар үшін өте маңызды, әрі пайдалы бастама дейді жас маман. Себебі, қазір жастар әлеуметтік желідегі әдемі бейнеге алданып, еліктеп өмір сүріп келетінін айтады.

Ералы Нұрхан, магистрант

Бізге біріншіден көптеген ақпарат беріліп жатыр. Қазіргі таңда әлемде жалпы қаржылық сауатсыздық кесірен көптеген адамдар алданып жатыр. Алданбаудың жолдары адамдарды қалай алдайды. Оны алдын алу шаралары туралы толық мәліметтер берілді. Олимпиадаға келетін болсақ, ... адамдардың алдануын алдын ала аламыз.

Қатысушылар сұраққа жауап беріп, онлайн тестілеуден өтеді. Сондай-ақ, эссе жазады. Облыстық кезеңнен сүрінбей өткендер, республикалық және халықаралық аламанда бақтарын сынайды. Жеңімпаздарға ақшалай сый қарастырылған.

Әйгерім Тоқпанқызы