Бүгінде жүкті әйелдерге медициналық тексерістен өту үшін орта есеппен 300 мың теңгедей ақша қажет. Ал әйел егіз немесе үшемге жүкті болса, бұл шығын бірнеше есе көбейеді. Қажетті тексерістен тегін өтуге қандай мүмкіндіктер бар? Ол үшін не істеу керек? Келесі сюжеттен көрейік.
Егер әйел адамның тұрақты жұмысы болса, оның медициналық сақтандыру жарнасын жұмыс беруші төлейді. Кәсіпкер әйелдер жарнаны өздері төлейді. Ал жұмыссыз жүкті әйелдер үшін бұл ақыны мемлекет төлейді. Ең бастысы – әйел адамның сақтандырылған жүйесі болуы тиіс. Сол кезде көптеген медициналық қызметтерді тегін алуға болады.
Ксения Сиренко, Ақсу қаласының тұрғыны
Біз егіз күтіп жатқанымызды естігенде қатты қуанып кеттік. Бұл біз үшін күтпеген жаңалық болды. Дереу екі бесік алып, балалар бөлмесін дайындай бастадық.
2024 жылы Қазақстанда 3700 отбасы егіз балалы болған. Дәрігерлердің айтуынша, егіз күтіп жүрген әйелдерге медициналық бақылау жиі қажет. Себебі мұндай жүктілік ана үшін ауыр өтеді.
Алмагүл Ахмедиева, Ақсу қаласы ауруханасының акушері
Жүктілік кезінде әйелдің ағзасына жүктеме көп түседі. Ал егізге жүкті болса, ағзасына салмақ түседі. Іші үлкен болады, жүріп-тұру, ұйықтау, тамақтану – бәрі қиынға соғады.
Ақсу қаласының тұрғыны Ксения МӘМС жүйесінде сақтандырылған болғандықтан, медициналық қызметтерге аз ақша жұмсаған. Жүкті әйелдерге медициналық көмек алу – өте маңызды. Ал егер МӘМС жүйесінде сақтандырылған болсаңыз, көптеген қызметтерді тегін алуға болады.
Сабина Жолдаспаева