Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, «Аманат» партиясының мүшесі Александр Терентьев Жеңістің 80 жылдығына орай өз әріптестеріне арнайы үндеу жасады. Ол өз үндеуінде майдангерлерге арналған қандай да бір мемориалдар мен ескерткіштерді жаңартуға, сақтауға ат салысуға шақырады.

Бұл Ақтоғай ауданы орталығындағы Жеңіс паркінде орналасқан ескеткіш. Жеңістің 25 жылдығына орай орнатылған. Онда жаралы жауынгерді көтеріп тұрған қайсар әйел бейнеленеді. Былтыр бұл ескерткіш жаңартылды.

Александр Терентьев, облыстық мәслихат депутаты, «Amanat» партиясының мүшесі

Туған ауылымның патриоты ретінде былтыр бұл ескерткішті қалпына келтірдім. Бір ай жұмыс жасадық. Ақтоғай жұртшылығы риза деп ойлаймын. Ақтоғай жұртшылығы ғана емес осы жеңісті әперген жандардың рухы да риза шығар. Уважаемые коллеги...Құрметті әріптестер, құрметті депутаттар, сіздерді Жеңістің 80 жылдығына орай осы акцияны қолдауларыңызды сұраймын. Барлық ескерткіштер мен саябақтарды жөндеуге ат салыссаңыздар екен. Осылайша 9-мамыр Жеңіс күнін абыроймен қарсы алайық.

Бұл паркте соғысқа қатысып батыр атағын алған, ерлік көрсеткен жерлестеріміздің есімі қашап жазылған ескерткіш тақталар да қаз-қатар тұр. Бұл да ерлікке тағзымның белгісі дейді ақтоғайлықтар.

Шара ұйытқы болған депутат тарихи екерткіштерді сақтау – тарихты сақтау екендігін айтады.

Жанасыл Серікбол