Баянтау спорт кешенінде әуесқой волейболдан аудан аралық турнир өтті. Бұл жарыс биыл облыс орталығында 25-ші рет өткізіліп жатыр. Айта кетейік аламан дода Жеңістің 80 жылдығына арналды. Толығырақ келесі сюжетте.
Жарыс спорттық бәсекелестікті арттырып қана қоймай, ауыл тұрғындарын салауатты өмір салтын жүргізуге бағытталған. Бұған қоса, әуесқой волейболшылардың шеберлігін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Байрақты жарыста Ауған соғысы ардагерлері ойнады.
Төлеген Қоқымбаев, Павлодар облысы «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері» ққ директорының орынбасары
Бұл турнир біздің 36 ауған соғысы ардагерлері жауынгерлері және қаза тапқандарға арналады.бүгін осы сайысты ауған соғысы ардагерлері қоғамдық қоры ұйымдастырып жатыр. Әрине енді осы жылда өтіп жатқан турнир бәрі білсін ауған соғысы ардагерлері бар екенін, сондай соғыс бар және де осы волейбол жас өспірімдерге үлгі әкелсін деп ары қарай спортты дамытуға біз армандап жатырмыз.
Жарысқа 7 ерлер және 6 әйелдер командасы қатысты. Қатысушылар арасында Успенка, Железинка, Аққулы аудандары мен Ақсу қаласы командалары бақ сынасты.
Ермұхамбет Қанжилинов, қатысушы
Осы турнирге көп рет қатысқанбыз, бірнеше рет ойнадық. Бұл турнирде бірнеше жыл бұрын чемпион атанғанбыз. Біздің командада әуесқойлар бар, бірақ бұрын кәсіби түрде айналысқан ойыншылар да бар.
Индира Жақыпова, қатысушы
Бұрын бұл турнир павлодар ауданының заря ауылында өтетін, ал қазір қалада өткізіліп жатыр, бұл өте ыңғайлы. турнир ұйымдастырушыларына үлкен рақмет, олар волейболды әрі қарай дамытуға үлкен мүмкіндік. біздің облысымыздағы қатысушыларға, волейболшыларға қатысуына мүмкіндігін береді.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, медальдармен марапатталды.
Дильназ Куанышбекова