Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Дағдылар картасы» атты шара ұйымдастырылды. Ол «Skills Map: Жанды кітапхана» деген форматта өтті. Онда спикерлер қандай ойларын ортаға салды? Алдағы сюжеттен көрейік.

Шараға 14 пен 35 жас аралығындағы жастар қатысты. Бұл шығармашыл тұлғаларды шабыттандырып, жаңа білім іздейтін жандарды біріктіретін бірегей кездесу болды. Ал «Skills Map» форматы – бұл адамдар жанды кітаптар іспеттес, ал олардың өмір жолдары – әңгіме арқылы «оқуға» болатын тараулар дегенді білдіреді екен.

Әйгерім Кинжалина, жастар бастамаларын дамыту орталығының жастармен жұмыс жөніндегі инспекторы

Осы іс-шара бізде ашық кітапхана форматында өтеді. Бұл шарада спикерлер өздері жайлы, жетістіктері мен жеңілістері болса, өздерінің сол бағыттағы жақсы сәттерімен бөліседі. Бұл жерде көрермендер спикерлерге кез келген кезде өздерінің бір сұрағын қоя алады, сол салаға деген қызығушылығы болса сұрақтарын қоя алады.

Кездесу барысында қатысушылар өңіріміздегі шығармашыл тұлғаларымен ашық тілдесіп, олардың жетістікке жеткен жолында кездескен қиындықтары жөнінде білді. Сондай-ақ, табысқа жетуге көмектесетін тәжірибелер де айтылды. Спикерлердің бірі 18 жастағы Сұлтан Қайыржан. Қазір әлеуметтік желісін спорт бағытында дамыту контентін қолға алған.

Сұлтан Қайыржан, спорт блогері

10 жылдай күреспен айналыстым. Осы 10 жылдағы тәжірибемді білгенімше адамдарға түсіндіріп жатырмын спорттың. Спорт блогері болғын келсе бірінші сол мамандықты игеріп алу керексің, айтатын нәрсен сөзге сай болу керек, воздух емес. Одан кейін ұялмау керек, және дұрыс сөйлеу керек дегеннің барлығын меңгеріп алса айтуға болады менің ойымша.

Шара еркін әңгімелесу форматта өтті. Қатысушылар да спикерлердің әңгімесін тыңдап қана қоймай, сұрақ қойып, шығармашылық қызмет жайлы көбірек біліп, өз пікірлерін ортаға салды.

Қымбат Садық