Ауа темперетеурасының +20, 23 градус көрсетуіне байланысты 10 сәуірден бастап Павлодар қаласында жылу беру тоқтатылады. Жылу беру тоқтатыла сала желілерді жөндеу жұмыстары басталады.
Жөндеу жұмыстары сынақтан басталады. Сәуірдің 10-ы мен 21-і аралығында облыс орталығының оңтүстік бөлігінде, яғни, 29 ноябрь, Естай, Абай, Кривенко, Малайсары батыр, Қамзин көшелері мен екінші Павлодар, Восточный, Усолка, Дачный, Достық, Сарыарқа, Зеленстрой шағын аудандарында темперетуралық және гидравикалық сынақ өтеді. Сынақ кезінде үйлерге ыстық су берілмейді.
Екатерина Байжұманова, «Павлодарэнергео» АҚ қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы
Ал, 12 ші сәуір мен 28 ші сәуір аралығында қаланың солтүстгінде темперетуралық және гидравикалық сынақ жүргізіледі. Сондықтан, Қамзин, Малайсары батыр, Естай, Қабанбай батыр, Нұркни, Академик Марғұлан, Астана, Набережная, Олжайбай батыр, Торайғыров, Нұрмағамбетов көшелері мен Химқалашық, Лесозавод, Солтүстік өндірістік аумағы мөлтек аудандарындағы үйлер ыстық судан уақытша ажыратылады.