Көктем келіп күн жылына бастағалы қала көшелерінің бойынан электросамокатардың қатар-қатар тізбектеліп тұрғанын көзіміз шалып жүр. Көпшілік арасында күнделікті қолданыс көзіне айналса да, адам денсаулығына әкелер зияны қандай? «Самокат» мінетіндер нені білуі тиіс? Тілші әңгімесінде.
Дильназ Куанышбекова, тілші
Соңғы жылдары электросамокаттармен жүру – жастар мен ересектер арасында кең таралған құбылыс.Ал бұл сән бе? Әлде қауіп пе?
Статистикаға сүйенетін болсақ былтыр өңірде электросамокат теуіп түрлі дене жарақатын 6025 адам алған. Оның ішінде ересектер 3697, 14 жасқа дейінгі балалар арасында бұл сан 1841 жетті. Ал 487 жасөспірімдер зақым алған. Дәрігерлердің айтуынша, көбінесе сәуір мамыр айларында жарақат бөліміне қаралатын балалардың саны күрт көбейеді екен.
Талғат Қасымбеков, Павлодар облыстық балалар ауруханасының нейрохирург дәрігері
Қысқы уақыта біз 1 тәулік ішінде 50-60 адам қарайтын болсақ, қазіргі уақытта олардың саны 90 дейін жетіп отыр келіп қаралатын балалардың саны. Соның ішінде енді күннің жылуына байланысты самокат тебу, электрлі самокат тебу қазір көптеп шығып жатыр.Соларды тебу үлкен жарақаттарға алып келеді. Себебі балалар бірден ережені түсінбейді екіншіден олар өздерінің физикалық мүмкіндіктерін толық анықтамағандықтан осындай ауыр жарақаттарға келіп түсіп жатады.
Соңғы жылдары электросамокаттармен жүру көпшіліктің күнделікті өміріне еніп, әсіресе жастар арасында кеңінен таралды. Бұл бір жағынан заман талабына сай сәнді құрал болса да, екінші жағынан, қауіпсіздік шараларын сақтамау денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін. Мамандардың айтуынша, дұрыс құралдар мен қорғаушы жабдықтарсыз самокат тебу адамға үлкен қауіп төндіруі мүмкін .
Талғат Қасымбеков, Павлодар облыстық балалар ауруханасының нейрохирург дәрігері
Енді екі үш жылдың ішінде самокатпен жүру самокатты қолдану ережелері нақтыланды соған байланысты самокатпен алатын жарақаттардың саны біраз азаюға жақындады. Дегенмен балалардың барлығы жасөспірімдер ережені сақтамайды немесе ата-ана қарауынсыз теуіп жатады. Олар көбінде ауыр жарақаттар алып жатады.
Көптеген мамандар электросамокаттарды қолдануды сәннен бұрын жауапкершілік ретінде қарау қажеттігін ескертеді.
Дильназ Куанышбекова