Биыл Қазақстан халықтары ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Сан түрлі этностардың басын қосып, ел бірлігінің нығаюына өлшеусіз үлес қосуда. Асссамблея құрамында әр түрлі этнос өкілдерінің мәдени бірлестіктері белсенді жұмыс жасап келеді. Солардың бірі Ассамблеямен бірге құрылып, ел бірлігі жолында тізе қосып еңбек етіп келе жатқан «Халкъан Барт чечен-ингуш этно мәдени бірлестігі».

 Шешен-ингуш этномәдени бірлестігі Ассамблея құрамындағы беделді ұжымдардың бірі. 30 жылдан бері жұмыс істеп, шешен және ингуш халқының тілі мен дәстүрінің сақталуына ат салысуда.

Михаил Аушев, Павлодар облыстық «Халкъан Барт шешен-ингуш этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

 Орталық жанында ақсақалдар кеңесі, аналар кеңесі жастар бірлестігі жұмыс істейді. Спорттық секциялар мен би ұжымдары бар. Этномәдени бірлестік тарихи Отандарынан жырақта күн кешіп жатқан шешен және ингуш халқының тілі мен салтының сақталуына жұмыс жасауда.

 Жаз айында бірлестіктің 30 жылдық белесін қорытындылап, ауқымды мерекелік шара өткізу жоспарланып отыр. Оған қадірлі қонақтар да көптеп шақырылмақ.

Юсуп Джабраилов, Павлодар облыстық «Халкъан Барт шешен-ингуш этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасының орынбасары

Тридцат летие...Орталығымыздың 30 жылдығына орай үлкен мерекелік шара жоспарлаудамыз. Астанадағы «Вайнах» шешен диаспорасының және ингуш диаспорасының төрағасын, сондай-ақ, тарихи отанымыздан бірқатар қонақтарды шақырмақпыз. Маусым айында өтеді деп жоспарлануда.

 Шешен және ингуш халқының өкілдері қоғамның барлық саласында еңбек етуде. Тіл үйреніп, спорт пен айналысып, өнерлерін дамытуда.

Юсуп Мержоев, Павлодар облыстық «Халкъан Барт шешен-ингуш этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы

 Мы также участвуем...Барлық қоғамдық шараларға ат салысамыз. Өзіміз өмір сүріп жатқан Республиканың дамыуына бар күш-жегерімізді жұмсаудамыз. Шеше-ингуш халқының өкілдері барлық салада еңбек етуде. Баршасы тату, береке-бірлігі мығым. Бірлігіміз одан әрмен жалғаса берсін.

Осы ойды, осы мақсатты бүгінгі таңда жастар жалғастыруда.

Тимур Евлоев, Павлодар ОБЛЫСТЫҚ «Халкъан Барт шешен-ингуш этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің жастарының көшбасшысы

 Үлкен жұмыстар атқарудамыз. Жастарды спортқа, өнерге шақырамыз. Әр түрлі шараларға, оның ішінде волонтерлік қызметке де ат салысамыз. Жастар қанатында жалпы 25 адам бар. Барлығы өнімді еңбек етуде.

 Бұл шешен жастарының жиі айтатын патроиоттық әні. Лезгинка ырғағындағы бұл ән Қазақстанға деген үлкен құрметтен туған. Ал, тау халқының ұлттық биі әркез кесек қимылы мен айрықша динамикасымен көпшіліктің назарын аудартады.

Жанасыл Серікбол