Ұлттық ұланның 6679 әскери бөлімінде Тәжік-Ауған шекарасында қаза тапқан 17 сарбазға арналған ескерткіш тақта орнатылды. Салтанатты шарада жауынгердің рухына тағзым етіп, гүл шоқтары қойылды.

 Ашылу рәсіміне Ауған соғысының ардагерлері, әскери бөлімнің командирлері мен жеке құрамы қатысты. Қоғамдық ұйым өкілдері мен қонақтар арнайы келді. Жиналған қауым Тәжік-Ауған шекарасында қыршын кеткен сарбаздарды еске алды.

Қуаныш Әлібеков, Тәжік-Ауған соғысының ардагері

Мемлекеттер тәуелсіз алғаннан кейін, сонда Таджикистанда өздерінде азаматтық соғыс басталған. Граница ашық қалған. Границаныны жабуға Қазақстан, Өзбекстан,Россия бар, Қырғызстан мемлекеттерінен, батольендер жіберілді. Бізде бардық. Көбінесе осы әскери бөліміне келіп отырам, присяга кезінде. Бүгін ас бердік марқұмдырдың қайтыс болғанына сол шайқаста.

Шара тек өткенді еске алу емес, болашаққа берілер өнеге. Ерлікпен көз жұмған боздақтар - нағыз батырлар. Шара кезінде бір минут үнсіздік жарияланды.

Ерлан Қасеинов, 6679 әскери бөлімнің жанар-жағармай қызметінің бастығы

Жас сарбаздарға бұл үлкен үлгі. Біздің жас сарзбаздарымыздың болашақтың келешек азаматтары, оларға сенім артамаз деп. Осы сарбаздардан үлгі алсын деп, әскери бөлімінде шаралар жүргіземіз. Сарбаздардың ерлікпен қаза тауып, екі таудың ортасында біздей жас сарбаздар осындай әскери қызметін атқарып жатқан, сарбаздарға үлгі. Қан беріп, қан төгісіп, ерлікпен қаза тапқан 17 сарбазды үлгі тұтамыз

 Шара барысында ардагерлерге алғыс хаттар табысталды. Бұл елдің алғысы мен құрметінің тағы бір белгісі.

Сабина Жолдаспаева