«Ertis» футбол клубының жаңартылған құрамы өңір тұрғындарына таныстырылды. Биыл жерлестеріміз бірінші лигада өнер көрсетеді. Шараның қалай өткенің әріптесімнің бейнематреиялынан білейік.

«Ertis» футбол клубы жанкүйерлеріне арнап түрлі түсті шоу, жарқын концерттік бағдарлама ұсынды. Биылғы маусымға өңірлік команда сақадай сай. Ертіс-Баян жұртшылығын құттықтап Ибрагим Ескендір рухты әндерін тарту етті.

 Биыл командада 25 ойыншы өнер көрсететіні белгілі болды. Құрамда негізінен жергілікті футбол мектебінің түлектері. Облыс әкімінің орынбасары Айгүл Мәлікова биылғы маусымға сәттілік тіледі.

Ал, бас бапкер Қайрат Нұрдәулетов ойыншылардың жеңіс тұғырынан көрінуі үшін қолдаудың маңызды екенін айтты.

Айта кетекйік, 9 сәуір күні ойыншылар бірінші лиганың беташар сайысын өткізеді. Орталық алаңда сағат 19.00-де «Екібастұз» футбол клубымен кездеседі.

Байтұрсын Жұмабай