Мемлекет басшысының «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Ақтоғай ауданы Шілікті ауылында медициналық пункт пайдалануға берілді. Ауыл тұрғындары енді аудан орталығына бармай-ақ, мамандардың медициналық көмегіне жүгіне алады.
Медициналық нысанның салтанатты ашылуына аудан әкімі Қаршыға Арынов қатысты. Ол Шілікті ауылы тұрғындарын құттықтап, дәрігерлердің жұмысына сәттілік тіледі. Нысанның құрылысына 60 млн теңге жұмсалған.
Қаршыға Арынов, Ақтоғай ауданының әкімі
Президентіміз атап өткендей азаматтардың әл-ауқаты мемлекеттік саясаттың басты басымдығы. Бұл жаңа медициналық нысан ауыл тұрғындары үшін сапалы медициналық қызметті арттыру жолындағы маңызды қадам. Денсаулық сақтау саласын дамыту мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі. Және бұл бағытта ауылдық аймақтарға ерекше назар аударылып келеді. Жаңа медициналық пункт жай ғана ғимрат емес, бұл халықтың денсаулығына жасалған нақты қамқорлықтың көрінісі. Енді ауыл тұрғындары уақытылы және сапалы медициналық көмек алып, өз денсаулығын нығайта алады. Бұл әрбір азаматтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды бастама. Бұл біздің ортақ жетістігіміз.
Медициналық орталықтың құрылысы тамыз айында басталған. Мекеме кең, жарық, әрі жылы. Онда процедуралық, екпе егу, қабылдау кабинеттерімен қоса, заманауи құрылғылар орнатылған.
Мадина Сабырова, Ақтоғай аудандық ауруханасының бас дәрігері
Құрал-жабдық дегенде ең қажетті халыққа қызмет көрсетуге керекті оборудованияның ең біріншісі ЭКГ аппаратымы. Ең сапалы құрал-жабдықтармен жабдықталып, осылай ашылу боп жатыр.
Назгүл Қожахметова, медициналық пункт медбикесі
2022 жыл қызмет жасап келем осы Шілікті ауылында. Қаншама жыл медициналық пунктсіз тұрдық. Өте қуаныштымын осы медициналық нысанның ашылғанына, әрі қарай да қызмет етеміз деп ойлаймын.
Бұдан бұрын жергілікті тұрғындар мектеп ғимаратында ем қабылдаған еді. Ауыл халқы елдімекеннің күн санап көркейіп жатқанына қуанып отыр.
Гүлзәуреш Тюлеубаева, Шілікті ауылының тұрғыны
Бұрын медпункт бізде мектептің ішінде бір бөлмеде болса, міне қазір өз алдына жеке ғимарат боп салынып жатыр. Бұл өте қуанышты. Өйткені жер шалғай бізде, ауданға жеткенше. Міне осы жерден уколымызды, системамызды алып, яғни өзімізге жағдай жақсы жасалған дейміз.
Ауыл ақсақалы Аманжол Рақымжанов соңғы уақытта орындалған істерге тоқталды. Былтыр ауылда балаларға арналған спорт кешені салынып, кіреберіс жолға тас жол төселіпті.
Аманжол Рақымжанов, Шілікті ауылының тұрғыны
Мына спорт комплексін ашып берді. Балалар күні-түні сонда ойнайды. Бұрын менде осы мектепте 25 жыл физрук болғанмын. Сонда далада қаратопырақтың астында мынадай желде ойнап отыратын .Қазір ішінде, жылы жерде, дөкей биік, не істеймін деседе ерікті.
Айта кетейік, спорт кешені былтыр салынған, оған тиісті қаражат жергілікті бюджеттен бөлінген. Осылайша Шілікті ауылында қуанышты жаңалықтар көп. Ал, денсаулық ең басты байлық. Сондықтан, халықтың саулығын қамтамасыз ететін заманауи нысандар мен білікті дәрігерлер екендігі сөзсіз.
Қымбат Садық