Өңірімізде алғаш рет дене шынықтыру пәні мұғалімдерін ауылдық елдімекендерде жұмысқа орналастыруды ұымдастыру мәселесі бойынша меморандумға қол қол қойылды. Екі жақты келісім Еуразиялық Инновациялық университеті мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы аарсында орнады. Оның аясына ауылдық жерлерде спорттың дамуына мүмкіндік туады деп күтілуде.
Меморандум мақсаты ауылдық жерлердегі спортты дамытуға үлес қосу, оған деген мамандар қызығушылығын арттыру. Спорт мамандарын ауылға тарту. Өйткені, бүгінгі таңда бұқаралық спортты дамыту міндеті өзекті. Бұған тіпті мемлекет басшысы да айрықша көңіл бөлуді тапсырған еді.
Армангүл Ташекенова, Еуразиялық инновациялық университеті жоғарғы колледжінің басшысы
Біз жаңа оқу бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бағдарлама жоғары білімі бар, белсенді спортшыларға арналады. Оларға маман ретінде ауылға баруға мүмкіндік жасаймыз. Олар оқушылар мен жастармен жұмыс жасайды.
Бұқаралық спорт – ұлт саулығының кепілі. Ұран сөз сияқты естілгенімен, шындығы осы. Қазір заман игілігі ауылға да жетіп, алыс елдімекендерде де дене қимылы азайып бара жатқаны белгілі.
Бұл келісімнің басты артықшылықтарының бірі оқуды жұмыс орнындағы практикалық іс-әрекеттермен ұштастыруға мүмкіндік беретін дуальды оқыту форматында білім алу мүмкіндігі болып табылады.
Жанасыл Серікбол