Осыдан 30 жыл бұрын Тәжік-Ауған шекарасындағы әскери қақтығыс болып 17 қазақ сарбазы қаза тапты. Оқиға 7-сәуір күні болған еді. Бүгін Павлодарда бір топ ардагерлер мен әскерилер, сол қақтығыста қаза тапқан жауынгерлердің жақындары жиналып, боздақтарды еске алды.

 Осыдан 30 жыл бұрын Тәжік және Ауған шекарасында болған оқиға Тәуелсіз Қазақстанның әскери тарихындағы ірі оқиға болды. Тау шатқалындағы қиянкескі ұрыс біраз боздақты қыршыннан қиып, 40 қа жуық жауынгерді жаралады.

Олег Николашин, Павлодар қаласы «Әскери-патриоттық тәрбие ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

 Жеңістік 80 жылдығын тойлау қарсаңында өте маңызды бір оқиғаны атап өтудеміз. Бұл жағынан қайғылы. Екінші жағынан біздің қазақстандық жауынгерлердің ерекше күші мен қайратын, ерлік болмысын көрсетті. Біз Тәжік-Ауған шекарасында қаза болған 17 жауынгерді ешқашан ұмытпаймыз. Олардың ерлігі ұрпаққа үлгі...Не вернуть.

 Жиналғандар жауынгерлер ерлігін еске алып, ерліктің ұмытылмайтындығын айтты. Әрине, кез-келген әскери қақтығыс қаралы күн болып қалмақ. Енді оның қайталанбауы маңызды.

 Сол шайқаста үш жерлесіміз қаза тапты. Бітімгерлік мақсатта сол қақтығысқа қатысқандардың бірі жерлесіміз Қанат Ыдырышев еді.

 Отыз жыл бұрынғы шайқаста қаза болған жауынгерлер рухына бүгінгі бейбіт елдің тұрғындары гүл шоқтарын қойып еске алды. Баршасы елдің тыныштығы мен берекесін, болашағының жарқын болуын тілесті.

Жанасыл Серікбол