Жастар бастамаларын дамыту орталығында PICx форматында конференция өтті. Онда қатысушылар қандай сырларымен бөлісті? Толығырақ алдағы сюжеттен көрейік.
Бұл конференция түрлі идеяларға шығармашылық шабыт береді. Мұндай кездесулерде спикерлер азаматтардың санасын өзгертуге және жаңа жетістіктерге шабыттандыру тәжірибелерімен бөлісті. Біздің өңірде мұндай форматтағы конференция осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Оның ұйымдастырушысы – шешендік өнердің шебері Анастасия Алиясова.
Анастасия Алиясова, конференция ұйымдастырушысы
Маған бұл идея осыдан екі жыл бұрын келді. Ол кезде мен Америкада «тедекс» форматында өтетін конференцияға өтініш берген едім. Бірақ, бірден сол уақытта қолымнан келмеді. Кейін міне өз жобамды ұйымдастыруды шештім.
Ұйымдастырушының айтуынша, қатысуға өтінімдер көп түседі. Бірақ спикерлер сахнаға шығарда, көпшілік алдында сөз сөйлеуге қорқады екен. Сондықтан, көрермендер алдында өз ойынды еркін жеткізе алуға дағдылану қажет.
Анастасия Алиясова, конференция ұйымдастырушысы
Конференцияға қатысуға өтініш беретіндердің саны көп, бірақ, соңына дейін жететін қатысушылар аз. Өйткені олардың бойында қорқыныш, қобалжу, қателесіп кетемін деген ой басым болады. Бірақ, сол қорқынышты жеңсе олар сахнада халық алдында сөз сөйлеуден ұялмайды, яғни,осындай конференцияда сенімділік артады. Сондықтан көп жандар осындай тәжірибе үшін алғыс айтып жатады.
Идеялармен алмасудан бөлек, осы алаңда сөз сөйлегендер медиа саласында алға жылжуға мүмкіндік алады. Анастасияның жобасын жүзеге асыруда оған Жастар бастамаларын дамыту орталығы көмек көрсетті.
Жандарбек Қабдраш, жастарды қолдау орталығының жетекшісі
Жалпы алғанда бұл адамдар шығып, өз өмірлік тәжірибелері мен өмірде боп жатқан мәселелерді барлық адамдардың алдына шығып айтатын болады. Яғни бұл адамды әрі қарай бір мотивацияға итермелейді. Осы жобаның негізгі мақсаты осы адамдарға проблемиалардан бөлек оларды жеңуге болатынының көрсететін бір жоба деп ойлаймын. Жастарға деген ынтасы зор, осы жастар бастамаларын дамыту орталығы Анастасия Алясовамен жасап жатқан жобаллардың бірі.
Шара барысында қатысушылар ерекше оқиғаларын баяндап, қала түрғындарын қызықтырды. Конференция өз идеяларымен бөлісуге дайын белсенді және талантты адамдарды біріктірді.
Қымбат Садық