Павлодар облысының Железинка ауданында 200 ден аса адам баспана кезегінде тұр. Ал, әкімшілік соларға деп мемлекет қаржысына салынған 65 үйдің есігін құлыптап қойған.

Сондай-ақ бюджеттік үйлерде тұрып жатқан 70 адамнан жалақы жиналмай, олрдың қарызы 6,5 млн. теңгеге жуықтаған. Тіпті, жетім балаларға тиесілі үйлерді мұғалімдерге беріп, мемлекеттік қызметкерлерге кезектен тыс пәтер үлестірген. Яғни, оларға «көшіп келде, тұра бер» принципін қалыптастырған.


Ерлан Төлеков, Павлодар облысы прокуратураның ресми өкілі

-Баспанаға мұқтаж адамдарды алдымен қамтудың орнына өз беттерінше әрекет жасаған. Мысалы, Мыңкөл ауылында 4 үй бос тұр. Ал, сол жердің бес тұрғыны пәтер күтіп жүр. Олардың ішінде жетім балалар, мүгедектер және көп балалы отбасы бар. Ал, осыған жүрдім бардым қараған аудандық экономиканың нақты секторы бөлімінің басшысына мемлекеттік қызмет департаменті жанындағы этика жөніндегі кеңес қызметіне толық сай емес деген ескету жасаумен шектелді.