Павлодар сервис колледжінде ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға арналған «Abilympics JuniorSkills» чемпионаты өтті. Байқау «Модель технологиясы» бағыты бойынша ұйымдастырылды. Толығырақ алдағы сюжетте.
Жарысқа арнайы мектептердің 9-10 сынып оқушылары қатысты. Барлығы 7 шәкірт бақ сынады. Байқаудың мақсаты – оқушыларды қоғамға бейімдеп, болашақта жұмысқа орналасуға мүмкіндік жасау.
Мөлдір Кәкім, Павлодар қаласы №7 арнайы мектеп- интернатының мұғалімі
Бізде 2 оқушы келді. Алдыңғы жылы абелимпикс конкурсына қатысып, біз 2 ші орынға ие болдық. Биыл тағы оқуышылар дайындадық. Негізі абелимпикс біз үшін өте керемет мүмкіндік. Себебі алдыңғы жылы біз көп тәжірибе алдық. Сол арқылы біз көп мотивация алып, биыл тағы келіп отырмыз. Алдыңғы жылғы тәжірибелерге қарағанда, біз биыл жақсылап дайындалдық. Дайындықты да ерте бастадық.
Қатысушылар 90 минут ішінде «шоппер» сөмкесін тікті. Барлық қатысушыларға сертификат табысталды. Чемпионат оқушылардың ерте кәсіби бағыт алуына және қоғамға бейімделуіне ықпал етеді.
Юлия Винтер, Павлодар қаласы №4 арнайы мектеп-интернатының оқушысы
Қазір мен шоппер сөмкелерді кестелеп отырмын. Айтарым, тігін ісі — өте маңызды жұмыс. Мен осы іспен айналысқым келеді. Біз бірнеше рет шоппер сөмкесін кестеледік, ол — өте кең әрі қолайлы сөмке.
Айта кетейік,колледжде ерекше білім беру қажеттіліктерін талап ететін 28 бала білім алады. Оның ішінде 10 баланың – есту қабілеті бұзылған.
Сабина Жолдаспаев