Өңірде жылыту маусымы 14 сәуір күні аяқталады. Биыл бұл кезең апатсыз, қалыпты өтті. Алайда қыстың қамын жазда ойлап, ертерек қамдану орынды. Осы орайда облыс әкімі жауапты ведомства басшысына келер жазда атқарылатын жөндеу жұмыстарын пысықтауды тапсырды. Толығырақ тілші әңгімесінде.
Жылыту маусымы 9 қыркүйек күні басталды. Жылу жылдағыдан ерте берілді. Былтыр құбырларды жөндеп, желілерді жамаудың арқасында бұл кезең тұрақты өтті. Халықтың шағымы 55% - ға азайды. Дегенмен, бұл салада бірқатар қордаланған проблемалар да жоқ емес. Бұны өңір басшысы да атап өтті.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Жалпы жылыту маусымы жоғары деңгейде сапалы өтті деп айтуға болады. Дегенменде болашақта туындай сұрақтар әлі бар. Соның бәрін талқылап бір шешімдерді қабылдаймыз.
Қыс мезгілінде зақым облыс орталығындағы №1ші жылу беру орталығында тіркелген екен. Мамандар апатты жағдайға жол бермей уақытында жөндеген. Биыл бұл нысанның бірнеше қазандығы жөнделеді.
Ержан Иманзайыпов, Павлодар облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы.
Жылу беру маусымы кезеңінде басқарма күн сайын энергия көздеріндегі авариялық ажыратуларға мониторинг жүргізді. Технологиялық ақау 182 нүктеде тіркелді. Басым бөлігі №1-ші жылу электр орталығында болды. Бұнда 50 зақым орын алған. №1,5 және 6 қазандықтардың жүйесі істен шықты. Биыл бұл нысандарда күрделі жөндеу жүргізіледі. қарастырылған.
Сондай-ақ биыл қыста Ақсу шаһарында аудандық тораптан ақау шығып, жылу қысымы төмендеді. Дер кезінде анықталған зақым жөнделіп, жүйеге жылу таратылғаны белгілі. Өз кезегінде өңір басшысы бұл мәселені назарға алып, көшпелі жиын өткізетінін айтты.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Жалпы қыс жайлы болды. Ақсу қаласындағы жағдай бізді алаңдатты. 18 күні арнайы жиын өтеді. Сіздер дайындңыздар оны. Жақсы ма?
Ақсудағы аудандық жылу қызындығын жөндеу үшін 1,5 млрд теңге жұмсалады. Айта кетейік шаһарда жылу желілерінің 75 пайызы тозған. Ескірген құбырларды жаңалауға биыл қазынадан 1,8 млрд теңге бөлініпті. Сондай-ақ, алдағы жылыту маусымында жылу Павлодар қаласында 16 млрд теңгеге 31 шақырымнан астам желі жаңарады. Айта кетейік Павлодар қаласында гидравликалық сынақ сәуірдің 15-сі мен 24-сі күндері аралығында өтеді.
Әйгерім Тоқпанқызы