Тарлан тұлға, Қаныш Сәтбаев - Жезқазған кен орнының ашылуына сеп болды, Қазақ ғылыми академиясының негізін қалап, тұңғыш президенті атанды. Бұл жерлесіміз, геолог-ғалым Қаныш Сәтпаев еңбектерінің бір парасы ғана. Ғалымның ел үшін жасаған ерен еңбегі жайлы жазылған “Қаныш және ғылыми майдан” кітабында баяндалған. Бүгін облыс орталығында бұл еңбектің тұсаукесері өтті.
Қаныш Сәтбаев ғылым академиясын нөлден бастап құрды да қараңғылыққа құлап бара жатқан ел-жұртын ғылымның күшімен құтқарып қалды. Оның осы жолдағы жанкешті еңбегі мен күресі «Отбасы хретоматиясы» жобасының авторы Санжар Керімбайдың «Қаныш және ғылыми майдан» атты кітабында өнегелі өрнек болып жазылды. Кітаптың тұсаукесу рәсіміне ақ жаулықты апалар, ұстаздар, көзі қарақты оқырмандар жиналды.
Санжар Керімбай, «Отбасы хрестоматиясы» жобасының авторы
Қазақстанда жастар шамадан тыс иделасыз өмір сүреді, екіншіден эзотерикалық ешқандай академиялық фундаменті жоқ жалған ғылымдарға үйір болып кеткен. Осы тенденцияны тоқтату үшін, Қаныш Сәтбаевтің тұлғасын көтеру арқылы ғылымның да ғалымның да бейнесін көрсеттік. Және одан да үлкен мақсатымыз бар – кітапты оқып біткеннен кейін «ай, боздағым-ай, арысым-ай» деп жылаумен аяқталмайды кітап оптимизммен аяқталады. Енді орыныңыздан тұрыңыз да сізде Қанышты әкесі Имантай қалай тәрбиеледі, солай сен де баланды тәрбиелейсің дейді. Ебіней Букетовтың «Жас Қаныш» деген кітабынан алынған Қанышты тәрбиелеудегі жеті қағидасы берілген. Солдан бұл кітапты алғаннан кейін сіз мойыныңызға жауапкершілік артып, қой құрсын менде бір Қаныш шығарайын деп үйіңізге қайтасыз.
Кітап 6 айға жетпей 30 мың таралымнан асып кеткен. Санжар Керімбайдың «Қаныш және ғылыми майдан» еңбегі Қаныш Сәтбаевтың ғылым саласындағы адал қызметі мен жетістіктерін тереңінен талдаған. Қазақ жерінде минералдың бар екеніне 430-дан астам ғалымның көзін жеткізген орасан ғылыми майдан жолынан дәйектер келтіреді.
Санжар Керімбай, «Отбасы хрестоматиясы» жобасының авторы
Ана тіліне, өзінің тұлғаларын тануға деген қызығушылық өте қарқынды келе жатыр бұл маңайда. 2022 жылы келгенмін, 2023 жылы «Өзбекәлі және мәдени майдан» өткіздік. Ал 24 ке Павлодар ілінбей қалдыда, 25-тің көктеміне ілінді. Осы жылдың күзінде тағы келуіміз мүмкін, егер, тағы екі майдан ашылып жатса.
Шараға жиналғандар арасынан кадемиктің туысы болды. Ардагер ұстаз Жұмагүл Қамышқызы автордың еңбегіне жоғары баға берді.
Жұмагүл Ахметова, ардагер ұстаз (Баянауыл ауданы)
Енді мен бүгін бақытты күндерімінің бірі деп ойлаймын. Өйткені ұлы ғалым мен туысқан болғандықтан, ұлы ғалымның жерлесі болғандықтан, сол Сәтбаев атындағы мектептің мұражайын 24 жыл басшылық жасап сол кісімен өмір сүргендей болғандықтан, міне отбасылық жағдайыммен Павлодарда жүріп, осы Санжар Керімбаймен екінші рет кездесіп отырмын. Өйткені өзіміздің туған ауылымызда тағы да бір кездесу өткен. Осы кітаптың жоспары, болашағы туралы ол үлкен сұхбат жасап, ел мен халықпен кездесіп кетіп етеді. Бүгін соның куәгері боп келіп отырмыз. Бұл кісіге енді басымды иемін. Алланың бір қазақ халқына жоғын жоқтасын, жетпегенің жеткізсін, қыры-сыры шықпай қалған біздің ұлы тұлғаларды әрі қарай дамытсын, зерттесін деп Алланың берген бір тұлғасы шығар. Денсаулық, ғұмыр тілеймін Санжар мырзаға.
Сондай-ақ, Ақсу қаласы Қызылжар ауылыынң оқушылары Қаныш Сәтбаев туралы жазылған өлеңдерді оқып берді.
Санжар Керімбайдың бұл еңбегі жас буынды ғылыммен айналысуға, Қаныш Сәтбаев сынды тұлғалардан үлгі ала отырып, өз елінің болашағына үлес қосуға, әрі ғылым мен білімді дамытуға ынталандырады.
Қымбат Садық