Тереңкөл ауданында елініне елеулі тұлға Әубәкір Ыбырайұлына арналған «Родная земля» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Шараға туғандарымен, замандастары жиналды. Толығырақ тілшіміз тарқатсын.

Әубәкір Ыбырайұлы 1920 жылы Қызылтан ауылында дүниеге келген. Ол Ұлы отан соғысы ардагері ғана емес, халқына қалаулы қызметкер. 18 жыл бойы Тереңкөл ауданында коммунистік партияның бірінші хатшысы болып еңбек етті. Бүгінгі «Родная земля» атты кітабының презентациясын ардагердің қызы Нұрсұлу Әубәкірқызы таныстырды.

Нұрсұлу Сәлімбаева, Әубәкір Ыбырайұлының қызы

Бұл шара жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр, өйткені менің әкем соғысқа қатысқан. Әкем соғыстың басынан аяғына дейін қызмет етті .Ол 40 жылдары әскерге шақырылып, қиыр шығыс, бірінші қызыл ту армиясында қызмет атқарды. Бірақ 41 жылдың сәуір айында соғысқа кетті. Бұл кітапта оның еңбек жолы туралы баяндалады.

Сондай-ақ, Әубәкір Ыбырайұлы «Еңбек қызыл Ту ордені», «Ленин» ордені, «Октябрь революциясының» ордені және « халық достығы» ордендерімен марапатталған .

Марат Ибраев, Әубәкір Ыбырайұлының ұлы

Әкемді еске алғандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Осы бір мұра ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келеді. Осында отырған үлкендеріміз әкеміздің көзін көрген жандар.

Бұл жинақта ардагерді көзімен көрген замандастары, бірге еңбек еткен әріптестері мен немерелерінің жазған мақалары бар. Кітап Қазақстан халқы партиясының қолдауымен басылып отыр.

Дильназ Куанышбекова