Ертіс жағалауында қала тұрғындары үшін «Салауатты отбасы- болашақ кепілі» атты шара ұйымдастырылды. Игі бастама отбасылық құндылдықтарды насихаттап, жастарды зиянды әрекеттерден аулақ болуға шақыруды мақсат тұтты. Толығырақ тілші материалынан көрейік.
Мамыр айынан бастап жаз бойы жастардың бос уақытын қамту мақсатында «Ертіс толқыны» жобасы басталды. Бұл жоба – аймақ жастары мен өнер сүйер қауымын біріктіретін, шығармашылықты қолдайтын және ұлттық рухты жаңғыртатын жаңа алаң болмақ. Оның аясында «Салауатты отбасы – болашақ кепілі» атты акция өтті.
Жаннұр Ахметжанова, Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының жастар және отбасы бөлімінің басшысы
Ертіс жағалауында бірнеше алаң ұйымдастырылды. Ол әрбір тақырыптарға бөлінеді. Мысалы, арнайы мамандардың,дәрігерлердің қатысуымен...фитнес жаттығу өткіземіз. Ертіс толқыны жобасы жаз бойы жастардың бос уақытын қамтуға бағытталған, қызықты уақыттарын өткізуге.
Денсаулығы мықты ұрпақ ертеңгі күннің болашағы. Сондықтан акцияның тірегі ретінде «Есірткісіз болашаққа ұмтыл» атты бөлім ұйымдастырылды. Мұнда нашақорлықтың зияны мен оның алдын алу жолдары түсіндірілді.
Ирина Темірғалиева, Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы
Бүгін біз есірткісіз болашақ, салауатты қоғам қалыптастыру үшін жиналып отырмыз. Біздің ұранымыз салауатты отбасы болашақ кепілі. Есірткіге қарсы күрес берік, мейірімді және қамқор отбасыдан басталады. Салауатты отбасы теріс әдеттерден аулақ болу ғана емес, сыйластық, өзара көмек пен сүйіспеншілік.
Шара барысында түрлі бағыттағы шеберлік сағаттар көрсетілді. Еріктілер адамға алғашқы көмек беру тәсілдерін үйретсе, өзін-өзі қорғау әдістері де көпшілікке қызықты болды.
Алтынай Хамзина, ерікті
Бүгін біз алғашқы көмек көрсету акциясында еріктілер бар. Оларға бәрі ұнап жатыр, осындай акция көп болсын.
«Салауатты отбасы – болашақ кепілі» атты шара қоғамдағы отбасылық құндылықтарды дәріптеп, жастарды дұрыс жолға бағыттайтын маңызды қадам. Ұйымдастырушылар мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.
Қымбат Садық