Рымтай Ізбастинді еске алуға арналған Республикалық турнир дәстүрлі түрде өтіп келеді. Биылғы жарысқа еліміздің барлық өңірінен 200-ден астам спортшылар шақырылған. Дүбірлі дода туралы тілшіміз әңгімелейді.

Республикалық турнир ұйымдастырушылар айтуынша, бұл жарыс ұлт рухын көтеріп, жастарды ұлттық спортқа баулуды мақсат етеді. Дүбірлі доданың ашылу салтанатында елордалық қадірлі қонақтар, ардагердің ұрпақтары қатысты. Шарада сөз алған өңір басшысы Рымтай Ізбастыұлының өмір жолы мен елге сіңірген еңбегі мол екенін айтты.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Спорт ұлт пен ұлтты, ел мен елді әрқашан жақын қылуға шақырады. Бүгінгі турнирдің басты мақсаты жастардың арасында қазақ күресін және жалпы салауатты өмір салтын насихаттау

Майдангер 1923 жылы Баянауылда туған. 1942 жылы әскер қатарына шақырылды. Ол 40-атқыштар дивизиясының 178 полкінде бөлімше командирі ретінде қызмет етіп, Жапониямен соғыста ерлікпен шайқасты. Ардагердің өшпес ерлігі – ұрпақ жадында.

Марат Ізбастин, Рымтай Ізбастиннің ұлы

Барлық командаларға адал бәсеке, рух мықтылығын, денсаулық және әрине тамаша күй, жақсы орын тілеймін.Жеңіске бірге жетейік

Рымтай Ізбастыұлының өмірі — тұтас бір дәуірдің шежіресі. Ол жастық шағын от пен оқтың арасында, сұрапыл соғыс майданында өткізіп, Отан үшін жанын шүберекке түйген батыр.Оны еске алуға арналған балуандар бәсекесіне еліміздің әр өңірінен 200-ден астам спортшы қатысты.

Дархан Жоламанов, Павлодар облысы бойынша қазақ күресі федерациясының атқарушы директоры

Биылғы турнирдің форматы өте қызық. Жасөспірімдер арасында ғана емес, ересектер арасында түйе палуанды қосып отырмыз. Бұл турнирдің тарихы өте тереңде жатыр және ең алғашқы бастауын Баянауыл ауданында алған. Деңгейі өсе келе Павлодар облысында өтіп жатыр

 Алдымен боз кілемге жасөспірімдер шықты. Ал негізгі тартыс — ересектер арасындағы түйе палуан бәсекесі. 100 келіден асатын нағыз алыптар белдескен сәттер қызыққа толы болды. Оларға арнайы шақыртылған, жоғары деңгейдегі төрешілер әділ баға берді.

Азамат Ерадилов, бас төреші

Министрлікпен бекітіліген бір ережеміз бар. Сол ередеге сәйкес спортшылар 5 минут белдеседі. Ал, жасөспірімлер арасындағы белдесу 3 минут күреседі, қай палуан мықты болады сол жеңеді. Біздің ережеде жартылай жеңіс, таза жеңіс, жамбас деген ұпайлар беріледі

Жарыста бағын сынауға келгендердің бірі Рахим Малатқазиев. Ол биыл өткен «Жас барыс» республикалық турнирінің қола жүлдесін жеңіп алған. Күресте бастысы шеберлік пен намысты көрсете алу керек дейді жас балуандар.

Рахим Малатқазиев, қатысушы

50 кг салмақ дәржесінде күресетін боламын бүгін осы жарыста. Мен осы күрес саласына 7-8 жыл болды қатысқаныма.Осыған алып келген әкеме рақмет айтамын. Және дайындап жүрген Бекбаев Қуат тренеріме рақмет айтамын

Ерәли Рахымбергенов, қатысушы

Базарбаев Омар, Еркебұлан ағай бар. Солардың арқасында міне осындай жарысқа келіп тұрмын. Оларға алғысым шексіз. Осы спортқа қатысып жүргеніме 5 жыл болды

Ер есімі ел есінде. Бұл жарыс — сол есімді ұрпақ жадында сақтаудың бір жолы болды. Екі күнге созылған дүбірлі додада 60 келі салмақ дәрежесінде жеңіске жеткен павлодарлық спортшы Алматы қаласы Сәтбаев университетіне тегін білім грантын иеленді. Өзгеде жеңімпаздарға чемпиондық белбеулер мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Қымбат Садық