Мәдениет және өнер қызметкерлері мерекесі аясында Иса Байзақов атындағы облыстық филармония қызметкерлері құрметке бөленді. Сондай-ақ, ұжымға жаңа автобус тарту етілді. Толығырақ тілшіміз жалғастырсын.
Иса Байзақов атындағы облыстық филармония өңірімізде өнердің дамуына зор үлес қосып келеді. Кәсіби мерекелеріне орай филармония ұжымы құрметке бөленді.
Медет Тауасқан, Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы
Жалпы өңірдің мәдениетін сіздер арқылы көріп отырмыз. Сол үшін еңбектеріңіз табысты болсын, филармониямыз өркей берсін.
Мәдениеттің дамуы үшін шығармашылық ұжымдарға жасалатын қолдау өнерді байытуға бағытталып отыр. Соның айқын көрінісі ретінде облыстық филармония ұжымына жаңа автобус тарту етілді. Жаңа көлік филармония әртістерінің шалғай аудандарға сапарларын жеңілдетіп, концерттік гастрольдік сапарларды тиімді ұйымдастыруға зор мүмкіндік береді.
Амангелді Қожанов, Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының басшысы
Бұған дейін бізде ескі көлік болды. Ол енді істен шыққанына байланысты, бір жарым жылдан бері жалдамады көлікпен жэүрген болатынбыз. Оның бәрін естіп, мына біздің үлкен жетпей жатқан дүниемізді облыс басшылығы көңіл аударып, іссапарлар әрқашан тоқтамасын, шығармашылық дами берсін деп осындай үлкен сый жасап отыр бізге.
Шара барысында филармонияның белсенді қызметкерлері ұзақ жылғы еңбегі мен кәсіби шеберліктері үшін марапатқа ие болды.Сондай-ақ, биылғы жыл Рүстембек Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі үшін репертуарға толы жыл болып отыр.
Мәди Тулев, Рүстембек Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің әртісі
Иса Байзақовтың 125 жылдығы болды, Рүстембек Омаровтың 105 жылдығы болды. Соған қарсы республикалық байқау өтті, соның 2 орын иегерімін. Жалпы осы біздің басшымызға ризашылығымызды айтамыз.
Филармония қызметкерлеріне мұндай құрмет көрсету, өнерге адал еңбек етіп жүрген жандарға серпін берері сөзсіз.
Қымбат Садық