Шуақты көктемнің алғышқы мейрамы халықаралық әйелдер күніне облыстың бірқатар нәзік жандылары мараптталды. Салтанатты шара барысында облыс әкімі сөз алып, барша ананы, әйелдер қауымын мерекемен құттықтады.

Бесіктегі сәбиді тербетіп қана қоймай, әлемнің жүрегін әлдилеген әйелдер қандай құрметке де лайық. Жүректен ақтарылған ыстық сөздің бәрі аналарға. Салтанатты шарада әуелі облыс әкімі сөз алып, жүрек жарды құттықтауын жеткізді.

Артынша еңбегі еселі нәзік жандар марапатталды. Құрмет ордені, ерен еңбегі үшін төсбелгісі, өзге де құрметті марапаттар табысталды.

Айгүл Оспанова, «Құрмет» орденінің иегері

Өте қуаныштымын. Марапатталатынымды білгенде қатты толқыдым. Менің отандық денсаулық сақтау саласына сіңірген еңбегімді бағалап жатқан баршасына алғысымды айтамын. Барша нәзік жандыларды мерекемен құттықтаймын.

Бүгінде кез-кеген саланы әйелдер қауымынсыз елестету қиын. Нәзік жандылар барлық салада елге ерлермен тең еңбек сіңіруде.

Күлбаршын Арынова, «Ерен еңбегі үшін» медальнің иегері

20 жылдан бері энегетика саласында еңбе етіп келемін. Бүгін еңбегім еленді. Ел алдында марапатталдым. Баршасын келіп жеткен мерекемен құттықтаймын. Келіп жеткен көктем әйелдер қауымына мол табыс әкелсін! әжелер, аналар, барша аруалар бақытты болсын»

Нәзік жандылар әр күн, әр сәт сайын құрметтеуге лайық. Ал, жылына бір келетін атаулы күннің орны тіптен бөлек. Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласып, көктем көңілдер думанды әнге бөленді.