Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров өңірдегі сайлау учаскелерін аралады. Жұмыс сапары барысында ол тұрғындар дауыс беретін нысандарды қарап қана қоймай, Достық үйінде арнайы жиын өткізді. Онда алдағы науқанға дайындық және ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Нұрлан Әбідров алдымен Катаев атындағы Оқушылар сарайы болды. Бұнда орталық референдум комиссиясының төрағасы дауыс беру үшін бөлмелердің қалай дайындалғанын тексеріп, барлық қажетті кабиналардың, жәшіктердің және ақпараттық стендтердің бар екендігіне көз жеткізді. Комиссия мүшелерінің сайлаушыларды қабылдау тәртібі және референдум күні барлық рәсімдерді сақтау жолдары туралы айтып берді. Одан соң ақпараттық технологиялар колледжінде болды. Мұнда учаскелердің техникалық дайындығына және мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жасалып жатқан қолайлылыққа ерекше назар аударылды. Қолайлы жағдай үшін пандустар, арнайы өткелдер және қауіпсіз кіреберіс жасалған.
Нұрлан Әбдіров, орталық референдум комиссиясының төрағасы:
«Референдумның орталық комиссиясы осы аптаның соңына дейін Қазақстанның барлық 20 өңірін аралап шығуды жоспарлап отыр. Бұл – инспекциялық сапарлар. Біздің басты мақсатымыз – ең алдымен әрбір дауыс беру учаскесінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуімен танысу. Бұл жұмыс жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігінде. Екінші маңызды мәселе – барлық комиссия мүшелерін міндетті түрде оқыту. Бұл жұмыс аумақтық референдум комиссияларына жүктелген. Жабдықталу деңгейіне келетін болсақ, ол жеткілікті жақсы деңгейде. Айтарлықтай ескертулер жоқ. Ұсақ-түйек мәселелер бар, олар қазір жұмыс барысында реттеліп жатыр. Бірақ негізгі мәселелердің бірі – дауыс беру ғимаратына кіретін және одан шығатын адамдар ағынын міндетті түрде бөлу қажет».
Сайлау учаскелерін аралағаннан кейін Орталық комиссия төрағасы комиссия мүшелерімен және жергілікті билік өкілдерімен бірге Достық үйіне барды. Онда референдумға дайындық барысы туралы жиын жасалып, баяндамалар оқылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және комиссиялардың жұмысы жөніндегі мәселелер талқыланды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, алдағы күндерге арналған іс-қимыл жоспарын белгіледі.
Гүлнәр Аманжолова, Павлодар облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы
«Аумақтық референдум комиссиясының 14 төрағасының 11-інің референдум өткізуде тәжірибеге ие. Сондай-ақ 84 аумақтық комиссия мүшесінің 63-інде жұмыс тәжірибесі бар. Бұл – 75 пайыз. Учаскелік референдум комиссияларының 501 төрағасының 434-і тәжірибелі. Қазіргі таңда бірде-бір референдум комиссиясында бос орын жоқ. Республикалық референдумды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары мен аумақтық комиссиялардың интернет-парақшаларында референдум учаскелерінің құрамы мен шекаралары жарияланды».
Кеңес барысында ұйымдастырушылық ұсақ-түйек мәселелеріне дейін айтылды. Оған байланысты тиісті шешімдер қабылданды. ОРталық референдум комсиссясының төрағасы азаматтарға деген қамқорлық пен әрбір детальға назар аудару – референдумды сәтті өткізудің негізгі факторлары екенін атап өтті.