Биыл алғашқы екі айында облыстық онкологиялық диспансерде 450 науқас тіркелді. Мамандардың айтуынша, Павлодар облысында тоқ ішек пен тік ішек обыры онкологиялық аурулар арасында екінші орында тұр. Жыл басынан бері бұл диагнозбен 55 адам есепке алынған.

Өңірде онкологияға шалдыққан 14 550 науқас тіркеуде тұр. Оның ішінде жатыр мойны обыры – 1244, колоректальды обыр – 1509, ал бүйрек обырымен 666 пациент есепте.Мамандар соңғы жылдары қатерлі ісік ауруларының жалпы көрсеткіші тұрақты түрде өсіп келе жатқанын айтады.

Ульфат Боромбаев, жалпы онкология бөлімшесінің меңгерушісі

Жыл сайын Павлодар облысында әр 100 мың тұрғынға шаққанда шамамен 353,3 жаңа онкологиялық жағдай анықталады. тоқ ішек бірнеше бөліктен тұрады және оның оң жақ және сол жақ бөліктерінде пайда болатын ісіктің белгілері әртүрлі болуы мүмкін. Оң жақ бөліктегі ісік көбіне әлсіздік, тез шаршау, себепсіз дене қызуының көтерілуі сияқты белгілермен байқалады. Кей жағдайларда науқастар ішінен ісікті өздері де сезуі мүмкін.Ал тоқ ішектің сол жақ бөлігіндегі ісік көбіне ішек өткізгіштігінің бұзылуына алып келеді. Бұл кезде іш қату, іштің кебуі, іштің ауыруы секілді белгілер жылдам дамиды.

Мамандар тұрғындарға денсаулықтағы өзгерістерді елемеуге болмайтынын ескертеді. Егер іш қату, іштің кебуі, үлкен дәрет кезінде ауырсыну, нәжіспен бірге патологиялық бөлінділердің пайда болуы немесе іштің жиі ауыруы байқалса, міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет.

Ульфат Боромбаев, жалпы онкология бөлімшесінің меңгерушісі

Ем нәтижесі ең алдымен аурудың анықталған сатысына байланысты. Тоқ ішек обыры ерте кезеңде анықталса, бес жылдық өмір сүру көрсеткіші шамамен 90 пайызды құрайды. Ал аурудың төртінші сатысында бұл көрсеткіш небәрі 12 пайызға дейін төмендейді. Сондықтан қатерлі ісікті мүмкіндігінше ерте анықтау аса маңызды. Облыстық онкологиялық орталықта жыл сайын тоқ ішек обырына байланысты шамамен 200 операция жасалады. бөлімшеде апта сайын орта есеппен 2–3 ота өткізіледі.

Ксм: Аурудан ем қабылдап жатқан науқастардың бірі алғашқыда диагнозды қабылдау қиын болғанын айтады. Бірақ дер кезінде дәрігерге қаралып ауруды ерте анықтаған.

Дәрігерлердің айтуынша, тоқ ішек обыры көбіне дамыған елдерде жиі кездеседі. Оның пайда болуына бірнеше фактор әсер етеді. Соның ішінде қозғалыстың аздығы, дұрыс тамақтанбау және құрамында консерванттары көп тағамдарды шамадан тыс тұтыну қауіп факторларының қатарына жатады. Мамандар тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстанып, уақытылы медициналық тексеруден өтіп тұруға шақырады.

Дильназ Қуанышбекқызы