ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Павлодар облысына жұмыс сапары барысында сайлау учаскелерінің дайындығын, сайлаушыларға жасалған жағдай барысын тексерді. Толығырақ тілші сюжетінде.

Әр референдум учаскісі жұмысқа дайын. Мүгедектігі бар азаматтарға қызметтер қолжетімді, дауыс беру үшін техника мен ғимараттар әзір. Одан бөлек, онлайн-сервистердің абоненттері өздерінің жеке мәліметтерін сайлау тізімдерінен тексеріп, тіркеле алады.

Нұрлан Әбдіров, ҚР орталық референдум комиссиясының төрағасы

Егер сіздің аты жөніңіз сіздің тұрақты мекенжайыңыз бойынша тізімде болмаса, онда қайдан табуға болады. Сол үшін интернет арқылы жүйеге кіріп, мысалы өңірде, қалада 5 аумақ болса солардың біреуін таңдап, тіркелуге болады. Сонда келіп дауыс бере аласыз.

Сонымен қатар, аталмыш цифрлық сервис сайлаушыларға алдын ала тізімде бар жоғын анықтау үшін мүмкіндік береді. Бұл сайлау күні тіркелген аумақтан тыс жерде болатын азаматтар үшін маңызды.

Нұрлан Әбдіров, ҚР орталық референдум комиссиясының төрағасы

Осыны пайдалана отырып, азаматтарға айтқым келеді, егер сіздер Павлодар облысында тіркеліп, бірақ 15 наурыз күні өзге өңірге баратын болсаңыздар, 14 наурыз 18.00-ге дейін есептен шығу куәлігін алып, өзіңіз барған жерде дауыс беруге болатынын айтқым келеді. Бұл өте маңызды.

Павлодар облысы референдумға толық дайын. Жетілдірілген заманауи технологиялар дауыс беруді жеңілдетіп, қауіпсіз етеді. Учаскілерде сайлаушылар үшін жайлы жағымды жағдай жасалған. Ал, комиссия мүшелері азаматтардың еш қиындықсыз, асықпай таңдау жасауына мүмкіндік береді.

Самал Қалиқызы