Павлодар облысында кәсіпкерлерге арналған түсіндіру жұмыстары өз нәтижесін берді. Жыл басында Мемлекеттік кірістер органдары бизнес өкілдеріне арнайы салық режиміне көшу тәртібін жан-жақты түсіндірген еді. Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдану үшін ақпан айының соңына дейін тиісті хабарламаны тапсыруы тиіс болған.

Егер белгіленген мерзімде өтініш берілмесе, салық төлеушілер жалпыға бірдей салық салу тәртібіне өтетін болып есептеледі. Осыған байланысты өңірде кәсіпкерлермен бірқатар кездесулер ұйымдастырылып, мамандар жаңа талаптарды, арнайы салық режимінің ерекшеліктері мен артықшылықтарын түсіндірді.

Төлеген Шаймарданов, мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы

Жаңа салық кодексі 2026 жылдан бастап енгізілді. Салық кодексі бойынша 1 қаңтардан бастап 2 ай ішінде салық төлеушілер арнайы салық режиміне көшу керек еді. Жалпы біздің облыс жұмыстың нәжижесі бойынша Республика көлемінде бірінші қатарда.

Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде бүгінгі күні жоспарланған көрсеткіштің шамамен 99,6 пайызы орындалған. Яғни, кәсіпкерлердің басым бөлігі арнайы салық режиміне уақытында көшіп үлгерді.

Олжас Ташекенов, кәсіпкер

Упрощеный режим бойынша жұмыс істеймін. 2026 жылы режимді таңдау керек еді. Маған тек қана бұл заявканы беру қиын болды. Оған эцп кілт керек болды. Электоронды кабинетін ашу керек еді. Оның бәрін білмедім. Қалай заявканы беретінін. Маған мамандар көмектесті, түсіндірді.

Мамандардың айтуынша, жүйелі ақпараттық жұмыстардың арқасында Павлодар облысы бұл бағытта республика бойынша жақсы нәтиже көрсеткен өңірлердің қатарында.

Сабина Жолдаспаева