Павлодар облысында мектептер жанында қыз балаларға арналған 300-ге жуық «Аққу» клубтары жұмыс істейді. Клуб мүшелері 8 наурыз мерекесі қарсаңында «Ұрпақтар үндестігі» ауқымды жобасында бас қосты.

Қазақ қыздың тәрбиесіне әркез ерекше мән берген. Себебі бүгінгі қыз ертеңгі ел анасы. Ал, ел анасы - елдің айнасы. Сондықтан қыз баланың тәлімі мен тәрбиесі ерте жастан қолға алынады. Өңір мектептерінде осыдан 5 жыл бұрын қыздарға арналған «Аққу» клубтары ашылды. Негізгі мақсаты қыз балаларға ұлттық құндылықтарды насихаттау, үлкен буын мен жас ұрпақ арасындағы рухани байланысты нығайту, қазақ қызына тән әдептілік пен инабаттылықты дәріптеу.

Саида Қожанова, №30 ЖОББ мектебінің оқушысы

Біздің мектепте қыз балаларға арналған Аққу клубы жұмыс істейді. Бұл клубта ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп, ата бабамыздан қалған әдеп-ғұрып, әдемі дәстүрлерді үйренеді. Клуб мүшелері бос уақытында ұлттық бұйымдар жасаумен айналысады. Сәнді бұйымдарды істейді.

Оқушылар сарайында «Ұрпақтар үндестігі» шарасында әйел затының үш кезеңі бас қосты. Яғни 10-12 жастағы қыздар, жас келіншектер мен үлкен буын өкілдері бір арнаға тоғысты.

Рахиля Қасенова, №33 ЖОББ мектебінің оқушысы

Сырғалым клубының мүшесімін. Сырғалым клубы бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Салт дәстүрді насихаттаймыз, дәріптейміз. Бұйымдар жасаймыз. Тақия, ою өрнектер жасаймыз, жастыққа арналған безендіру.

Шараның алғашқы кезеңінде әр клуб өнерлерін ортаға салып, жұмыстарын көрсетті. Екінші кезеңде «Ұрпақтар бірге» телемарафоны өтті. Аудандық клубтар онлайн қосылды. Сахнада қыздар, аналар, әжелер өнегеге толы әңгіме өрбітті.

Майя Темірболатова, М.Катаев атындағы оқушылар сарайының әдіскері, жоба үйлестірушісі

Бұл клубтардың ашылу себебі не, балаларға рухани және имандылық, инабаттылық бағытында, өзінің қабілеттерін ашуға мүмкіндік беретін клубтар. Бізде барлық мектептерде ашылды. 352 мектепте ашылған. 3680 қыз сонда тәрбиеленеді. Білімдерін арттыру жағынан.

Бүгінгі таңда облыс мектептерінің жанынан түрлі клубтар ашылып, қарқынды дамуда. Бұл болашақ ұрпақ тәрбиесіне бейжай қарамаған үлкендерді де ортақ мақсат төңірегінде біріктірді.

Самал Қалиқызы