Павлодарда қазақ әйелдерінің киелі бас киімі — кимешекке арналған 4 метрлік алып инсталляция жасалды. Осылайша отандық фэшн-индустриядағы мега рекорд тіркелді. Дәстүрлі этномәдениеттегі қазақ әйелдерінің киімі — «Алып кимешек» жобасы туралы тілші материалынан көрейік.

Қазақ халқының бай мәдени мұрасын дәріптеуді мақсат еткен шараға 300-ге жуық ана қатысып, өздері тіккен ақ кимешекпен шеру жасап өтті. Бұл арқылы жастар арасында қазақтың рухани құндылықтарына деген қызығушылықты арттырумен қатар үлкенге құрмет, кішіге өнеге көрсетуде кеңінен көрініс тапты.

АЙЖАН ӘБСАТТАРОВА, «ҚАЗАҚ АНАЛАРЫ – ДӘСТҮРГЕ ЖОЛ» РҚБ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДАҒЫ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫ

Бұл жерде тек жаулық емес, ұлттық киімді және қазіргі заманауи қазақ киімдерін насихаттау, одан қалса салт-дәстүрімізді сақтап жас өсіп келе жатқан қыздарымызға әжелеріміздің кейіпін, аналардың жаулықта жүргенін әр сәби көзінде елестетіп қалса деген ниеттеміз.

 «Алып кимешек» жобасының авторы – қолөнерші Гүлайым Акумбаева. Идеяның негізі – қазақ әйелдерінің дәстүрлі бас киімі кимешекті ұлықтау, көнеден жеткен құндылықтарды жаңғырту. Оның ұлттық киімдерді тігіп жүргеніне алты жылдай болған, бірақ нақты бас киімдерді тіккеніне екі жылдай уақыт өткен.«Алып кимешек» идеясы өткен жылы пайда болған.

ГҮЛАЙЫМ АКУМБАЕВА, «АЛЫП КИМЕШЕК» ЖОБАСЫНЫҢ АВТОРЫ, ЭТНО-ШЕБЕР

Осы алып кимешек суағарымен ұзындығ 4 метрдей болады, және моншақтң саны 2025, ол дегеніміз осы жылы орнатылған рекордты білдіреді. Және 80 күміс пен металл әшкейлер бар, ол Жеңістің 80 жылдығына арналды. Себебі, кимешекте аналардың жасы бар. 560 алтын түсті моншақ, ол Қазақ хандығымызға 560 жыл.

Әлемдік рекордтарды тіркейтін төрт түрлі кітап бар , ал осы «Алып кимешек» жобасы әлемдегі ең үздік ұлттық бас киімдер жобасы ретінде халықаралық әлемдегі рекордтар кітабына тіркелді.

ҚУАНДЫҚ ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, GLOBAL BOOK OF RECORDS

ЖАЗБАЛАРДЫ ТІРКЕУ БӨЛІМІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ

Әлемде мұндай рекорд болған жоқ. Алып кимешек қазақтың емес көбінесе мына көшпелі халықтардың дәстүрінде бар, ерекше киелі бас киім. Оны тіркеу себебіміз, оның көлемінде. 3.80 см жақын көлемі, 2025 моншақ маржанмен әшекейленеген, 100-ден астам күміс түсті тиындармен жасалған. Сондықтан оның өзің осындай инсталляциямен жасау жалпы ұлттық рекордтарға жатады.

Шара аясында ақ жаулықты аналардың өмірлік өнегесі мен тәлім-тәрбиесі насихатталып, кимешектің рухани мазмұны – ибалылықтың, имандылықтың және ұлттық болмыстың айнасы екені кеңінен айтылды.

СВЕТЛАНА ҚОНДЫКЕРОВА, «ҚАЗАҚ АНАЛАРЫ – ДӘСТҮРГЕ ЖОЛ» РҚБ МҮШЕСІ (АҚСУ ҚАЛАСЫ)

Ақ қимешек күнне қорғайды әрі этиникалық маңызы бар. Сонымен бірге жорықта жүргенде батырлар кимешектен жыртып алып, жараларын танған. Сонымен бірге ел мен ел, жер мен жер татуласқан кезде елшілік қызметті атқарған. Осыған біз мақтанамыз.

«Алып кимешек» жобасын ұйымдастырушылар бұл жетістікті үлкен рухани жеңіс деп бағалайды. Олар болашақта да осындай ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын жобаларды жалғастырып, халықаралық деңгейде таныстыруды көздеп отыр.

Қымбат Садық