«Кооперация - табысқа жетудің кілті» атты республикалық семинар -кеңеске еліміздің түкпір-түкпірінен жүзден астам шаруа қожалықтарының өкілдері жиналды. Кеңес қатысушылары кооперацияның жеткен жетістіктері, осал тұстары жайлы талқылады. Атқарылар жұмыстарға тоқталды.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген фермерлер Павлодарда бірлестік жолдарын талқылады. Олардың пікірінше, ынтымақтастықтың мұндай түрі ауылдардың тұрақты дамуын қолдауға қабілетті.
Ерлан Тоқтұшақов, Қазақстан фермерлер қауымдастығының өңірлік филиалының төрағасы
Кооперативтік қозғалыстың тарихы 200 жылдан асады. Бірлестік 200-ден астам елді қамтиды. Олардың ішінде 100-ге жуығы халықаралық кооперативтік альянсқа енеді. Халықаралық кооперативтік альянстың ақпаратында миллирдтан астам адам, жер бетіндегі адамзаттың 10 пайызы кооператив құрамында жұмыс істейді деген сөз. Осы уақытта триллион доллар ауыл шаруашығына, ауылға келеді. Бұл әлемдік қозғалыстың бөлігі ғана.
Облыстың ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс істеген он жыл ішінде 50-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылып, жалақы мен салық түрінде миллиард теңге төленді. Осы жылдар ішінде қатысушылар саны 48-ден 12-ге дейін қысқарды, бұл ретте жұмыстың сапасы мен тиімділігі, оның ішінде жаңа жобалар арқылы артты. Мысалы, 2025 жылы Павлодар облысы әкімдігі мен ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен май экстракция зауытының құрылысы басталады. Кәсіпорын кооперативтерге тартылған адамдар санын екі есе 50-ден 100-ге дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Азат Сұлтанов, ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі
Кооперация туралы біз арнайы заң қабылдадық. Осы тақырып бізде өте күрделі. Мемлекеттік қолдау шараларын біз қабылдадық. Арнайы инвест субсидияларды төлейміз. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бізде бар. Ол арнайы несие береді, кооперативке және басқаға да. Көбейтеміз осы қаражаттарды.
Ал, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаев елдегі кооперацияның дамуының үш кезеңін атап өтті.
Жигули Дайрабаев, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты
Естеріңізде болса кооперация тақырыбы сонау 2002 жылы көтерілген. Ауыл тұрғындарының өндіретін сүтін жинап, соған несие берілген еді. Халықтың қызығушылығын қоздырды. Ол кезде ақпарат әлі дамымады. Нәтижесінде кооперативтер қағаз жүзінде құрылды. Бағдарлама жабылды. Екінші шара - 2012 басталды. Үшінші дүмпу 2016 жылдары болды.
Елімізде кооперацияны әлі де дамыту қажет. Ол үшін алдымен өзара сенімді арттыру керек деді қатысушылар.
Самал Қалиқызы