Тереңкөл ауданының жастары бананның ДНК-сын анықтады. Бұл «Генетикалық код» станциясы аясында экоквестте берілген тапсырмалардың бірі. Толығырақ тілші сюжетінде.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Павлодар қаласының «Жасыл ел» еңбек жасағы енді аудандарда түрлі шаралар өткізіп жатыр. Осы жолы Тереңкөл ауданына барып, жастармен кездесіп экоквест ұйымдастырды.

Әли Омар, «Жасыл ел» еңбек жасағының командирі

Бүгінгі шара өте қызықты болды. Біз бір бірімізбен ақылдасып, пікір алмасып, сұрақтардың жауабын ортақ табуға тырыстық. Қоғамның әр мүшесі өзінің қадамдарымен экологияны жақсартуға үлес қоса алады.

Экология сұрақтары қашан да маңызды. Табиғатты қорғау шаралары сенбіліктермен, түрлі жиындармен шектеліп қоймайды. Заман талабына сай жастардың экологиялық сауаттылығын арттыру мақсатында, шаралардың форматы да өзгереді. Бұл жолы экоквест ойыны ретінде болды.

Қарлығаш Оразқызы, «Алдаспан» орталығының жастар ісі жөніндегі инспекторы

Біз балалардың жалықпағанына, қызығушылық танытқанына қуанамыз. Экологиялық мәселелерді шешеміз. Бұндай шаралар әркім экологияға үлес қоса алатына көмектеседі. Сауатты болуға тырысамыз.

Әсем Атаханова, «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшесі

Біз балалармен сайыстық. Олар командалық ойындар, олар экологиялық мәселелерді біліп қана қоймай, бірлесіп жұмыс істеудеміз. Мұндай шаралар жастарға табиғатты қорғаудың маңыздылығын үйретеді. Бала күннен осы әдеттерді қалыптастырса экологиялық сауатты қоғам боламыз.

Шара кезінде қатысушылар станциялардан өтіп, тапсырмаларды орындады.

Арина Краскова, «Жасыл ел» Павлодар қалалық еңбек жасағының командирі

Бүгін шара экоквест түрінде болды. олар болашақтан хаттарды алып, оқыды. Әр станцияда ерекше тапсырмалар тұрды. Мысалы, бірінші станцияда атмосфера. Онда есте сақтау қабілеті мен назарға ойнады. Екінші станция гидросфера мында жастар ластанған суды тазалады, фильтрлермен танысты. Кезекті станция генетикалық код деп аталды. Онда бананның ДНК сын анықтады.

Сонымен қатар, қатысушылар эковолонтерлардың қандай болу керектігін айтты. Енді осындай көшпелі экоквест жиі аудандарға шығып тұратын болады, деді ұйымдастырушылар.

Самал Қалиқызы